Самбо күресінің әдіс - айласы жекпе - жекте қарапайым қозғалыстан (ол қозғалыс кеңістік және уақыт арқылы бірімен-бірі байланысты) тұратын тұтас әрекет болып табылады. Яғни әр бір әдіс қол, аяқ, дене арқылы жасалатын қарапайым қозғалыстан тұрады, ол қарапайым қозғалыс деп аталады. Күресте қозғалыстар шартты түрде былайша бөлінеді:
Қолдардың қозғалысы - ұстау, орап ұстау, қысу, итеру, жұлқу, тұю, тарту, тіреу, басу,т.б. Аяқтардың қозғалысы- қою, аттау, кейін қою, аттап кету, бүгу, жазу, ілу, шалу, қағу, үстіне салу, итеру т.б Дененің қозғалысы- еңкею, тік көтеру, иілу, бұрылу, қысу, итеру, құлату.т.б.
Сарбаз самбо күресінің шебері атануы үшін мінез - құлық, моралдық, жан -жақты дайындықтармен қатар оның әдіс-тәсілдерін жетік білу керек. Самбо күресінің єдістер сан алуан, сондықтан қай халықтың күрестері болса да тай-таласа алады. Қазір олимпиада бағдарламасына еңген күрес түрлері: грек-рим күресі (ертедегі греция мен римнен), еркін күрес (ағылшындардан), жу-до күресі (жапониядан) елдерінен бастау алатынын білеміз. Ал самбо күресінің негізін қалаушы мемлекет ретінде бұрынғы КСРО елін атауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |