2 курс
Педагогика және психология
Орындаған:Қарсыбай Сұлуназ
Қабылдаған:Таженова Г
Педагог-психологтың ағартушылық жұмысы
1 – 2 дәріс
СОӨЖ
Кеңес беру және қабылдау
Психолог қызметінің негізгі және міндетті түрінің бірі- психологиялық кеңес беру болып саналады. Психологиялық кеңес беру – оқу-тәрбие процесінде туындаған проблемаларды шешуге көмек көрсету. Кеңес беру жұмысында психологтың іскерлік, дағдысын дамыту мен бірге бұл арнайы дайындықты талап етеді. Бұл жұмыс түрі кез-келген жас ерекшелік иесіменде жүргізіледі.
Білім беру жүйесіндегі психологиялык қызметтің теориясы мен тәжірибесін талқылау сұрақтары психологтардың еңбектерінде қарастырылып келеді.
Қазақстандагы психологиялык қызмет жайлы зерттеулер республикалық баспасөзде және жеке туындыларда жарияланғанымен, дәл психологиялык кеңес беруді кеңінен қарастыру, әрі оны оқытуға енгізу мәселесі қолға алынбай келеді.
Психологиялық қызметте кеңес беру өзінің кезеңдерімен жүргізіледі.
Кеңес берудің алғашқы кезеңі. Мақсаты – психологиялық контакт орнату, клиент пен кеңесші арасындағы психологиялық контакттың қорытындысы. Кезеңнің негізгі мазмұны: клинтті қабылдау, танысу, клиент туралы алғашқы мәліметтерді жинау, келісім-шарт қорытындылау (мақсаты, әдістерді, ұзақтығын, кеңес берудің бағасын, жауапкершілікті болу, клиенттің құқықтары туралы және міндеті туралы мәлімет беру, талқылау, конфиденциалдық сұрақтарын және оның шегі туралы талқылау).
Кезеңнің мақсаты – раппорт (өзара жағымды) орнату және мәселесін, мағынасын анықтау. Белсенді тыңдау техникасы – вербалды және вербалды емес компоненттері. Қайталау (парафраз) және үзіліс. Клиенттің мәселесінің мағынасын анықтау. Мәселелердің түрлері: орталық мәселе, мәселе-қорғаныс, терең мәселе. Мәселе кеңесші мен клиенттің біріккен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде. Келісім-шарт жасау. Кеңесші пайдаланатын негізгі тәсілдер: тікелей сұрақтар, рефлексифті емес және белсенді тыңдау, эмпатикалы түсіну, клиентті вербалды және вербалды емес тұрғыда жігерлендіру. Кезеңдік (подэтап) нәтижесі — консультативті болжамдарды қалыптастыру және раппортты орналастыру.
Қабылдау қоршаған ортадан психикалық құрылымға объектілер мен құбылыстардың бейнесін қалыптастыратын процесс. Бұл объектінің қасиеттері мен тән ерекшеліктерін және бір құбылыстың көрінісі. Бұл құлдыраған ойлаудың бір түрі. Жиі бұл процесс ретінде емес, нəтижесінде, яғни объектінің бейнесі. Қабылдау қабылдау үшін синоним болып табылады, сондықтан объектінің имиджі негізгі сезім қабылдау, белгілі бір білім, тілек, үміт, қиял мен көңіл-күйді қабылдау арқылы қалыптасады. Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері – объективтілік, тұрақтылық, тұтастық, қабылдау, құрылым, мағыналық, иллюзия, селективті.
Достарыңызбен бөлісу: |