Карталардың шартты белгілері[1] — графикалық белгілер; олар арқылы карталарда заттар мен құбылыстардың тұрған орнын, сонымен қатар олардың сапалық және сандық сипаттамаларын көрсетеді. Ауданы карта масштабында көрсетілген нысандар аудандық шартты белгілерімен бейнеленеді, олар контурдың белгісінен және оны толтырудан тұрады. Контур нысанның тұрған орнын және кескінін, толтырма сапалық сипаттамасын жеткізеді. Тұрқы ұзын, бірақ ені шағын нысандар сызықтық белгілермен бейнеленеді, олар осі бойынша нысандардың дол тұрған орнын көрсетеді, бірақ кейде енін ұлғайтады. Мысалы, 1:1 ООО ООО масштабғағы картада темір жолдың шартты белгісі оның енін 75—100 есе ұлғайтады. Шартты белгілердің ерекше категориясын изосызықтар құрады.
Шартты белгілерге қозғалыс сызығы да жатады, олардың көмегімен қандай да болса құбылыстардың жылжуы көрсетіледі (халықтың көші-қоны, жүк ағындары, ауа массаларының қозғалысы және т.б.). Мөлшері карта масштабында көрсетілмейтін нысандар масштабтан тыс шартты белгілермен бейнеленеді, олар нысандардың тұрған орнын және әр түрлі сипаттамаларын бейнелеуге мүмкіндік береді