Ендік — жер бетіндегі нүктелердің орнын аныктайтын географиялық координаттардың бірі.
Астрономиялық ендік және геодезиялық ендік деп сараланады.
Астрономиялық ендік — жер бетінің мәлім нүктесіндегі тік сызық бағытының аспап экваторының жазықтығымен түзетін бұрыш; Жердің айналу осінің осы нүкте горизонтының жазықтығымен түзетін бұрышқа тең болады. Пункттердің ендіктері аспан шырақтарын және әрбір пунктті басқа пункттерден тәуелсіз бақылау арқылы анықталады. Жер беті нүктесінің геодезиялық ендігі — осы нүкте арқылы өтетін нормальдың референц-эллипсоид бетіне оның экватор жазықтығымен құрылатын бұрыш. Тек бір ғана пункттердің астрономиялық және геодезиялық ендіктері тік сызықтардың осы пункттердегі референц-эллипсоидке нормалдардан ауытқуынан бір-бірінен өзгеше болады. Астрономиялық және геодезиялық ендіктер 0-ден 90°-қа дейін өзгереді, Солтүстік жарты шардағы нүктелер үшін "солтүстіктік" немесе "оң", Оңтүстік жарты шардағы нүктелер үшін "оңтүстіктік" немесе "теріс" деп аталады.