Қабылдау бөлімі - тіркейтін, қабылдайтын, біріншілік қарау мен анторпометрия жүргізетін, келіп түскен науқастарды санитарлық-гигиена- лық өңдеуден өткізетін және алғашқы медициналық көмек көрсететін маңызды емдік-диагностикалық көмек көрсететін бөлімше.
Қабылдау бөлімшесінің міндеттері
Науқастарды қабылдау және тіркеу
Науқастарды қарау, алғашқы тексеру және диагноз қою;
Антропометрия жүргізу;
Науқастарды санитарлық тазалықтан өткізу;
Науқастарға алғашқы медициналық көмек көрсету;
Науқастарды емдеу бөлімдеріне тасымалдау.
Қабылдау бөлімшесіндегі мейіргердің қызметтері
Жолдамамен танысу және науқасты дәрігерге шығарып салу
Антропометриялық өлшем жасау
Педикулезды анықтау (табылған жағдайда СЭС-ке телефонограмма жіберу)
Дәрігерге дейінгі көмек көрсету
Лабораториялық зерттеуге материал алу
Наркотикалық және қатты әсер ететін дәрілерді тіркеу тәртібін сақтау
Жұмыс орнын даярлау
Кіші мейіргердің жұмысын бақылау
Санитарлық-эпидемиялық ережені сақтау
Науқасты ауруханаға қабылдау
Қажет заттар: «Науқасты қабылдау және қабылдамау есебі» журналы. Ауруханаға жататын науқастың медициналық картасы /Ф-003у/, дене қызуын белгілейтін қағаз.
Іс- әрекеттер :
1) Ауруханаға жатуға қажетті құжаттардың түгелдігін тексеріңіз.
2) «Науқасты қабылдау және қабылдаудан бас тарту есебі» журналы құжатына, дәрігер қарап болған соң, тіркестіріп жазыңыз.
3) «Науқасты қабылдау және қабылдаудан бас тарту есебі» журналына енгізіледі.
4) Ауруханадағы науқастың медициналық картасының паспорт бөлімін толтырыңыз.
- Алынған мәліметті (антропометрия өлшемдерін) ауру тарихына жазыңыз.
- Шпательмен жұтқыншақты тексеріп, науқастың түкті жерлерін қараңыз.(Егер бит шықса, оған қарсы шаралар жүргізіңіз. Ф-058 хабарлама қағазын толтырыңыз.)
5) Науқастың жағдайының ауыр-жеңілдігіне байланысты санитарлық тазалауды (дәрігердің тағайындауымен) жүргізіңіз.
6) Науқасқа аурухананың киімдерін кигізіп, жатқызылған бөлімшедегі палатаға алып барыңыз.
Қабылдау бөлімінің құрылысы
Күту залы- өз аяғымен келетін науқастарға жіне оларды әкелетін туыстарына арналған. Ол арнайы кресло және дивандармен жабдықталған.
Егу бөлмесі-шұғыл көмек көрсетуге арналған.
Кіші операциялық бөлме
Санитарлық өткізгіш-науқастарды санитарлық өңдеуге арналған
Оңашалайтын бөлме(изолятор)-диагнозы анықталмаған науқасқа арналған.