Қабылдау бөлімі



Дата13.06.2023
өлшемі1,4 Mb.
#101140
Байланысты:
Қабылдау бөлімі

  • Қабылдау бөлімі
  • Қабылдау бөлімі - тіркейтін, қабылдайтын, біріншілік қарау мен анторпометрия жүргізетін, келіп түскен науқастарды санитарлық-гигиена- лық өңдеуден өткізетін және алғашқы медициналық көмек көрсететін маңызды емдік-диагностикалық көмек көрсететін бөлімше.
  • Қабылдау бөлімшесінің міндеттері
  • Науқастарды қабылдау және тіркеу
  • Науқастарды қарау, алғашқы тексеру және диагноз қою;
  • Антропометрия жүргізу;
  • Науқастарды санитарлық тазалықтан өткізу;
  • Науқастарға алғашқы медициналық көмек көрсету;
  • Науқастарды емдеу бөлімдеріне тасымалдау.
  • Қабылдау бөлімшесіндегі мейіргердің қызметтері
  • Жолдамамен танысу және науқасты дәрігерге шығарып салу
  • Антропометриялық өлшем жасау
  • Педикулезды анықтау (табылған жағдайда СЭС-ке телефонограмма жіберу)
  • Дәрігерге дейінгі көмек көрсету
  • Лабораториялық зерттеуге материал алу
  • Наркотикалық және қатты әсер ететін дәрілерді тіркеу тәртібін сақтау
  • Жұмыс орнын даярлау
  • Кіші мейіргердің жұмысын бақылау
  • Санитарлық-эпидемиялық ережені сақтау
  • Науқасты ауруханаға қабылдау
  • Қажет заттар: «Науқасты қабылдау және қабылдамау есебі» журналы. Ауруханаға жататын науқастың медициналық картасы /Ф-003у/, дене қызуын белгілейтін қағаз.
  • Іс- әрекеттер :
  • 1) Ауруханаға жатуға қажетті құжаттардың түгелдігін тексеріңіз.
  • 2) «Науқасты қабылдау және қабылдаудан бас тарту есебі» журналы құжатына, дәрігер қарап болған соң, тіркестіріп жазыңыз.
  • 3) «Науқасты қабылдау және қабылдаудан бас тарту есебі» журналына енгізіледі.
  • 4) Ауруханадағы науқастың медициналық картасының паспорт бөлімін толтырыңыз.
  • - Алынған мәліметті (антропометрия өлшемдерін) ауру тарихына жазыңыз.
  • - Шпательмен жұтқыншақты тексеріп, науқастың түкті жерлерін қараңыз.(Егер бит шықса, оған қарсы шаралар жүргізіңіз. Ф-058 хабарлама қағазын толтырыңыз.)
  • 5) Науқастың жағдайының ауыр-жеңілдігіне байланысты санитарлық тазалауды (дәрігердің тағайындауымен) жүргізіңіз.
  • 6) Науқасқа аурухананың киімдерін кигізіп, жатқызылған бөлімшедегі палатаға алып барыңыз.
  • Қабылдау бөлімінің құрылысы
  • Күту залы- өз аяғымен келетін науқастарға жіне оларды әкелетін туыстарына арналған. Ол арнайы кресло және дивандармен жабдықталған.
  • Егу бөлмесі-шұғыл көмек көрсетуге арналған.
  • Кіші операциялық бөлме
  • Оңашалайтын бөлме(изолятор)-диагнозы анықталмаған науқасқа арналған.
  • Рентген және УДЗ бөлмесі
  • Зертхана
  • Дәретхана


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет