Ес түрлері үш негізгі белгіге байланысты бөлінеді:
1. Психикалық белсенділікке қарай:
1) Қозғалыс есі - еңбек әрекетіне байланысты қимыл-қозғалыстарды есте қалдырып, оны қайта жаңғырту есі;
2) Сезімдік ес - бұл адамның басынан өткізген сезімдерін есте қалдыру;
3) Бейнелі ес - заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақты бейнесін есте қалдырып және қайта жаңғырту;
4) Сөз логикалық ес - бұл адамның ойыныңтүрлі формаларын есте қалдыруды айтамыз.
2. Мақсатқа қарай:
1) Ырықты ес – түрлі мәліметтерді есте сақтауға саналы мақсаттың қойылуы;
2) Ырықсыз ес – адамның мақсат қоймай материалды есте сақтауы.
3. Материалды есте сақтау ұзақтығына қарай:
1) Қысқа мерзімді есте қалдыру;
2) Ұзақ мерзімді есте қалдыру (ұзақ мерзімді ес);
3) Оперативті ес - өзімізге керекті материалдарды дер кезінде еске түсіру, есте сақтау және қайта жаңғыртуды айтамыз.
1. Есте қалдыру. Есте қалдыру - мәліметті белсенді қайта өңдеу, жүйелеу, жалпылау және оны теру процесстері. Есте қалдыру түрлері төменде көрсетілген:
1) Қысқа мерзімді есте қалдыру;
2) Ұзақ мерзімді есте қалдыру;
3) Оперативті есте қалдыру;
4) Ырықты есте қалдыру. Жаттау - ырықты есте қалдырудағы ең негізгі тәсілдердің бірі болып табылады. Жаттаудың белсенді болуы уақытқа байланысты;
5) Ырықсыз есте қалдыру;
6) Логикалық есте қалдыру;
7) Механикалық есте қалдыру - заттар мен құбылыстардың мазмұны есте сақталмай, олардың ерекшеліктері мен формалары есте сақталады.
Логикалық есте қалдыруда қабылдаған нәрселердің мазмұны есте сақталады. Логикалық есте сақтаудың тәсілдері:
1) Есте сақтауға тиісті материалдың жоспарын құрастыру.
2) Салыстыру.
3) Материалды топтастыру және жіктеу.
4) Есте қалдыру мен қайта жаңғыртуды алмастырып отыру.
5) Бейнелі байланыстарға сүйену.
6) Есте қалдыруда өзін-өзі бақылау.
7) Мағыналы байланысты орнату.
2. Қайта жаңғырту. Қайта жаңғырту – бұрын қабылдаған заттармен құбылыстарды өзімізге керек болған кезде есімізге түсіруді айтамыз. Мұндағы негізгі процесс – елес. Елес – бұл бұрынғы қабылдауларды қайта өңдеу. Қайта жаңғыртудың бір көрінісі – тану. Тану – бұрын қабылдаған нәрсеге, құбылысқа қайта кездескенде ғана болатын процесс. Тану 2-ге бөлінеді: 1) Толық. 2) Толықсыз.
Қайта жаңғыртудың біртүрі – еске түсіру. Еске түсіру – белгілі қиындықтарды жеңумен байланысты ерік күшін жұмсауды талап ететін санасы қайта жаңғыртуды айтады. Қайта жаңғырту 2-ге бөлінеді: 1) Ырықты. 2) Ырықсыз.
3. Есте сақтау. Есте сақтау – бұл алынған нәрселерді есте ұстауға бағытталған есте ұстаудың алғы шарты болатын процесс. Ол 2-ге бөлінеді: 1)Ырықты. 2)Ырықсыз.
4. Ұмыту. Ұмыту – бұрын қабылдаған нәрселерді керек кезінде еске түсіре алмау және қайта жаңғырта алмау процессі. Ұмытудың себептері: 1) Жағымсыз индукцияның әсері. 2) Проактивтік тежелу. 3) Ременисцения – кешіктіріліп еске түсіру. 4) Шектен тыс тежелу.