ЗЕЙІНДІ ДИАГНОСТИКАЛАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕ
5.Әдістеме «Іздеп тауып, белгіле»
Тапсырма баланың зейінінің тұрақтылығының қаншалықты деңгейде екенін анықтауға арналған.Бұл суретте әр түрлі фигуралар бейнеленген.Мен саған «баста» деп тапсырма берген кезде, айтқан затты суреттен «тоқта» деп айтқан уақытқа дейін іздеп, оны сызып отырасың.
Маған келген жеріңді көрсетесің мен қайта «баста» деп айтамын, сен ойынды жалғастырасың.Мен бірнеше рет «баста», «тоқта» деп айтып отырамын, мен ойын «аяқталды» деген уақытта ойын аяқталады. Бұл ойынға бала 2,5 мин. уақыт жұмсайды, әр 30 сек. кейін ойын тоқтатылып, қайта басталады.Ойын 5 рет жалғасады.
Эксперемент жүргізуші екі затты ұсынады, ол ұсынылған затты әр түрлі екі сызықпен сызып отыру керек. (Түзуінен және көлденеңінен).
Бұл суретте баланың зейінінің қаншалықты деңгейде екенін анықтауға арналған. Бұл тапсырмада бала 2,5 мин. аралығында орындауы тиіс және баланың қанша рет берілген фигураларды таба білгені есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |