Бұл әдістеменің мақсаты баланың зейінінің, ойлау қабілетінің қаншалықты деңгейде екенін анықтауға арналған. Балаға екі кілемше ұсынылады. Ол кілемшелердің бір бөліктерінде жыртық бар. Суреттің төменгі жағында бірнеше суреттің бөліктері бейнеленген. Бала сол суреттен өрнегі тура келетіндей бөлігін табып, кілемшені жамау керек.