Абылхайр Таңшолпан Сайлаубайқызы



Дата21.06.2023
өлшемі14,22 Kb.
#102921
Байланысты:
мінездеме Таңшолпан




«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті» КЕАҚ «Фармация» мектебінде В072 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша білім алатын 2 курс студенті
Абылхайр Таңшолпан Сайлаубайқызы


МІНЕЗДЕМЕ

Фармация мектебінің 2 курс студенті Абылхайр Таңшолпан 30.01.2023-10.04.2023ж аралығында «Дәрілік препараттардың өндірісіне кіріспе» бойынша оқу практикасынан өтті.


Тәжірибенің барлық кезінде Абылхайр Таңшолпан Сайлаубайқызы өзін жақсы қырынан көрсете алды.
Абылхайр Таңшолпан «Kelun-Kazpharm» ЖШС фармацевтикалық өндіріс зауытында оқу тәжірибесінен өтті. Оқу тәжірибеден өту барысында өзінің теориялық білімдерін қолданып, жақсы нәтиже көрсете білді. Жұмысқа өте жауапкершілігі мол, үй тапсырмаларын уақытылы әрі дұрыс орындайды. Мінезі жақсы, студенттер арасында өзін жақсы ұстайды.
Берілген жұмысты уақтылы және сапалы орындай білді. Университет дәрістерінен алған білімін өте жақсы қолданып, жақсы нәтиже көрсете білді. Белгіленген ішкі тәртіп ережелерін сақтап, еңбек тәртібін ұстанды. Мінезі ашық, өз жұмысына ынталы, қызметтік міндеттерге жауапкершілікпен қарайды, ұйымдастырушылық қабілеті жақсы. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез арада түзеуге тырысады.
Практикалық-сабақ барысында белсене атсалысып, өзінің жақсы қасиеттерімен көзге түсті. Абылхайр Таңшолпан Сайлаубайқызы өзіне жүктелген барлық міндеттерді орындап, дербестік пен зерттеушілік қабілеттерін көрсете отырып, тағылымдамадан өту бағдарламасын толығымен аяқтады. Университет дәрістерінен алған білімін, зауыттық іс-тәжірибеде қолдана отырып, болашақтағы мақсатына алғашқы қадамын жасады.
Мекеме бойынша оқу практикасына жауапты тұлға:
Нөкербек Ш._____________________________
Алматы, 2023

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет