Абилова молдир амангельдыевна



бет2/3
Дата25.04.2022
өлшемі33,51 Kb.
#32160
түріОқулық
1   2   3
Байланысты:
Мақала Абилова М.А

    Бұл бет үшін навигация:
  • Key words
Ключевые слова: начальное образование, электронный учебник, мотив, мотивация, мультимедиа.

Resume: This article considers that the use of e-books can increase the motivation of primary school students. Nowadays, e-book teaching is very relevant and important for learners. It is planned to expand using of e-books by strengthening the motivation of students.

Key words: primary education,e-book, motivation, motive, multimedia.
ХХІ ғасыр-цифрлы дәуір. Бұл техниканың озық дамыған дәуірінде жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті, ізденімпаз тұлғаны қалыптастыру бүгінгі таңның білім беру саласының басты мақсаты болып отыр. Яғни, жаңа білім беру жүйесінің негізгі ерекшелігі де сол күрделі мәселелерді шеше білетін, алған білімін өмірде дұрыс қолдана алатын тұлғаның қалыптасуы.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру, сондай-ақ жеке адамның шығармашылық рухани, біліктілік күш-қуатын жетілдіруге, жеке тұлғаның жан-жақты толысуына жағдай жасай оты-рып, зерделі азамат даярлау міндеті көзделген [1]. Бүгінгі таңның білім алушысы қоғамда өзін-өзі қорғай және бағалай білетін, жаңашылыққа тез ұмтылушы, білімді, өзіндік көзқарасы айқындала түскен, рухани бай болуы шарт.

«Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» қазіргі заманғы оқулықтың тұжырымдамалық моделін жасауға көшетіндігі айтылды. Бағдарламада:«Оқулықтарды әзірлеу, талқылау және сараптау және оларды білім беру ұйымдарына онлайн-режимде жеткізуді бақылау үшін цифрлық платформа құрылатын болады. Қолданыстағы оқулықтарды кезең-кезеңімен қайта басып шығару көзделеді. Барлық оқулықтар цифрланып, ашық платформаларда орналастырылады. Қағаз оқулықтарды пайдаланумен қатар электрондық оқулықтарға біртіндеп көшу жүзеге асырылатын болады» [2]- делінген. Елбасы өз бағдарламасында оқу-әдістемелік кешендер әзірлеуге, қазіргі заман оқулығының тұжырымдамалық моделіне, оқулықтарды қайта басып шығаруға және сол оқулықтардың цифрланып, ашық платформаларға орналастыруына баса назар аударып жатыр. Электрондық оқулықтарға кезең-кезеңімен көшу арқылы баланың білім алуына ыңғайлы орта құру көзделіп отыр.

Еліміздің азаматтарының халықаралық бәсекелестік қоғамында алдыңғы орындардан көрінуі және қарқынды дамып жатқан заманда білімді сапалы әрі оңтайлы меңгеруі үшін тиімді, берері мол технологияларды пайдаланғанымыз жөн. Қазіргі кезде ең өзекті болып табылатын «Оқыту мен оқуда АКТ қолдану». АКТ құрылғыларының ішінде оқу үдерісінде қолдану маңызды болып табылатын құрылғы –электрондық оқулық. Электрондық оқулықтардың түрлері көп, солардың ішінде білім алушыларға арналған электрондық оқулықтарға тоқталып өтетін боламыз.

«Электрондық оқулықтар мен оқу құралдары орта мектептегі оқу үдерісінің оқу ақпаратының негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Қазіргі заман талабына сай электрондық оқулықтар мен оқу құралдарынсыз жаңа білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру және нәтижеге жету мүмкін еместігі белгілі. Жаңа түрдегі заманауи оқулықтарды дайындап шығару авторлардың психологиялық-педагогикалық, арнайы дайындығы мен ауқымды күш және құралдарды қажет етеді[3]. Білім беру бағдарламаларының сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында оқулықтар шығарудың жаңа жүйесі қолға алынып, ұшқыр ойлы тұлғаны қалыптастыратындай мазмұны терең, ізденуге, зерттеуге негізделген жаңа түрі баспаланатын болады.

Электрондық оқулық- жоғары ғылыми және әдістемелік деңгейде білім беру стандартының мамандықтары мен салаларын құрайтын пәндеріне сәйкес интерактивті кері байланыс орнату шартындағы оқыту процесінің толық дидактикалық циклі мен үздіксіздігін қамтамасыз ететін, мемлекеттік ұйымдармен тапсырылатын, аталмыш басылым түрінің ресми мәртебесіне ие, негізгі білім беретін электрондық басылым. Электрондық оқулық оқу курсында оқытылатын құбылыстар мен процестер, нысандар байланысы мен қасиеттері, сондай-ақ ғылыми негізделген деректер, графикалық, аудио-бейне және т.б. оқыту ақпаратын қамтиды[4].

Жалпы бастауыш білім беруде электрондық оқулықтарды құру жəне оларды практикалық қолданудың принципиалдық сұрағы оқушылардың маңызды қажеттіліктеріне негізделген позитивті мотивтер құруға арналған сəйкес əдістеменің мақсаттылығы болып табылады.

Əдетте, мотив ұғымымен іс-əрекетке деген құлшынысын, адамның іс-əрекетінің қозғаушы күшін белгілейді. Мотив – қандай да бір қажеттілікті қанағаттандыру тілегі.

Мотивация оқыту үдерісінде маңызды рөл атқарып, табысты оқытудың кілттік факторы болып табылады. Мотивация оқушының өзінің оқу үдерісі, мұғалімнің жүріс-тұрысы, академиялық талаптар, оқу материалдарының сапасы мен сабақтардың рөлі сияқты сұрақтар бойынша оқушылардың көзқарастырының жиынтығымен анықталады. Зерттеулер электрондық оқулықтарды оқыту үдерісінде қолдану оқушылардың мотивациясын арттыратындығын дəлелдеп отыр. Электрондық оқулықтар оқушылардың оқуға деген құмарлықтары мен қызығушылықтарын тудырулары мүмкін, сонымен қатар ойша бейнелер мен модельдерді қалыптастыруға көмектеседі. Көптеген жағдайда оқушыларды мотивациялауға оң əсерін тигізеді. Дегенмен, кез келген оқу-əдістемелік аппарат сияқты бір уақытта барлық оқушылар үшін тиімді бола бермейді.

Оқушыны оқуға ынталандыратын мотивацияның жеткілікті күрделі құрылымы салыстырмалы тұрақты жəне нақты жағдайға тəуелді емес мотивпен (ғылымның белгілі бір саласын зерттеу, мек- теп бітіру) түсіндіріледі. Мұндай мотивтер салыстырмалы тұрақты жəне олар белгілі бір сыртқы əсерлерден өзгеріске ұшыраулары да мүмкін. Осындай факторлар оқыту үдерісі барысында мультимедиа - ресурстарын жүзеге асыру жəне қолдануға тікелей қатысты. Себебі, ақпаратпен жұмыс істеу үшін оқушылардың техникалық құралдарды меңгеру деңгейі жəне мультимедиа-ресурстарының білім берушілік потенциалын қолдану оларға болашақта өздерінің білімін жалғастыруға жəне айтулы кəсіп алып шығуға мүмкіндік береді.

Алғашқы кезде оқушылардың мультимедиа-ресурстармен атқаратын жұмысы негізінен ақпаратты-коммуникативтік сипатта болады. Бастапқы мотив жаңа, соншалықты мазмұнды жəне қолжетімді емес ақпаратқа деген қажеттілік болып табылады. Ережеге сай, мұндай мультимедиа-ақпарат қандай да бір сыни өңдеу мен ұғынуды талап етпейді. Кейіннен негізгі мотив ретінде ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін құрбы-құрдастармен жеңіл қарым-қатынасқа деген қажеттілік туындайды. Заманауи компьютерлік құралдар көптеген оқушыларды өздерінің бояуының, мультимедиалық мүмкіндіктерінің бай болуымен, əр түрлі қалалар мен елдердегі өздерінің сүйікті музыкалық топтары, əншілері, футбол командалары, үй жануарлары, басқа адамдардың өмірі туралы ақпаратты жедел іздеу мүмкіндіктерінің көп болуымен қызықтырады. Іздеу мүмкіндігі өте ауқымды.

Мұғалім міндетті қолдау көрсеткен жағдайда электронды оқулықты қолдану оқушылардың жаңа дүниелермен танысуға деген тілектерін дамытады. Сыртқы ынталандырудан ғана емес, оқу үдерісімен қанағаттану сезімімен түсіндірілетін ішкі мотивация оқушының оқу үдерісіне дара кірісуін арттырады жəне де оқу нəтижелерінің жақсаруына əсер етеді, егер ынталандыратын іс-əрекетке деген алғашқы қызығушылық жоғары болса, онда ынталандырулар қызығушылықты төмендетулері мүмкін, ал ынталандыру тым оңай болғандықтан, бұл əділітсіз болып табылады. Ал, егер де алғашқы қызығушылық деңгейі сондай жоғары болмаса, онда жеңіл ынталандыру қызығушылықты арт- тыруы мүмкін жəне тиімділікке оң əсер етуі мүмкін. Оқытудың көптеген заманауи мультимедиа-құралдарының қызметі аталған фактордың болуына негізделеді.

Электрондық оқулықпен жұмыс істеудің көп табиғи аспектілері бар. Кез келген оқушы Интернет желісінде өзінің жеке мультимедиалық сайтының болуын қалайды. Сонымен қатар, оқушылар электрондық пошта мен чатты қызыға қолданады. Интернеттің мұндай қызметтері оқушыларды коммуникативті қарым-қатынастың ерекше тəсілдерімен қамтамасыз етеді, оларға жаңа достар табуға, өзін-өзі дамытуға, өзін жария етуге көмектеседі. Осындай мақсаттарға жету үшін мультимедиа-технологияның элементтері қолданылады.

Оқушылардың оқу үдерісіндегі белсенділігін арттыру жəне жаңа білім мен технологиялық тəсілдерді тиімдірек меңгеру үдерісіне мультимедиа-ресурстарында түрлі проблемалық жағдайларды қолдану өз септігін тигізеді. Компьютерлік желілерде жұмыс істейтін пайдаланушылар проблемалық жағдайлармен жиі ұшырасып отыра- ды. Мысалы, оқушылар олардың алдында мультимедиа-ақпараттың үлкен көлеміне жол ашылғандығын түсінеді, бірақ ақпаратпен таны- су барысында бөлінген уақыт аралығында барлық ақпаратпен танысып үлегере алмаулары да мүмкін. Осындай жағдайда оқушылардың ақпаратты іздеу жəне өңдеу дағдылары жеткіліксіз болып шығады, проблемалық жағдай туады, соның салдарынан осындай білік пен дағдыны мұғалімнің көмегіне жүгіну арқылы жетілдіріп отыруға деген қажеттілік туындайды.

Проблемалық жағдайларды шешу қажеттілігі – оқушылардың мультимедиа-ресурстармен жұмыс істеу мотивтерінің бірі. Жағдайдың мəселелі (проблемалы) болуы оқушылардың неғұрлым аз уақыт бөлігінде қажет мультимедиа-ақпаратты алуға деген қызығушылықтарының салдары болып табылады. Бұл үшін мұғалім оқушыларды жұмыс уақытын жоспарлауды үйретуі, іздеу жүйелері мен каталогтардың көмегімен бір тапсырманы бірнеше тəсілмен орындауды, алынған мультимедиа-ақпаратты сыни бағалауды үйрету керек.

Яғни, білім алушының қажетін қанағаттандыратын ішкі уәжі, ниеті, ұмтылысы, бағыттылығы және іс-әрекетке, мақсатқа итермелейтін түрткі деп айтуымызға болады. Сол мотивті «ояту», білім алушыға мотивация беру білікті маманның міндетінде. Мұғалім жан-жақты бола отырып, білім алушыны пәнге қызықтыруы, ұмтылдыруы оның білім деңгейінің артуына, дамуына себепші болады. Осы ретте М.М.Акижанова «Оқу мотивациясы – адамды білім алуға итермелейтін, жалпы бағыт-бағдар беретін, адам мінезіне энергетикалық импульстер беретін психикалық үрдістер жиынтығы» [5]. Мотивация білім алушыны оқуға деген жағымды қасиетке негізделген психологиялық күші, белсенділігі.

Бастауыш оқу үдерісінде ақпараттық технологияның сабақта және сабақтан тыс уақытта қолданылуы оқушылардың оқу-танымдық, зерттеушілік іс-әрекетінің белсенді болуына және оқушылардың жаңа білім алуда өзіндік ойлар түюде бастамашыл болуына, оқу-танымдық үдерісте зерттеушілік іс-әрекет мотивациясының өсіп қарқындауына, оқушының өз бетінше жаңа ақпараттық технологияны қолдану дағдысының қалыптасуына ықпал етеді, сенімді тірек бола алады [6].

Сан қырлы қызмет атқаратын электрондық оқулықтың жұмыс тәртібін бақылаумен де, бақылаусыз да ұйымдастыруға болатындығын қашықтықтан оқыту кезінен мысал келтіруімізге болады. Бұл ретте тек мұғалімнің жетекшілігімен ғана жүргізілмейтіндігін, яғни мұғалім басты тұлға еместігін байқауымызға болады. Қашықтықтан оқыту барысында білім алушылардың оқу үлгерімінің төмен түсіп кетпеуі , олардың жүйелі дамып отыруы үшін үй жағдайында да электрондық оқулықпен жұмыс істеуге мүмкіндіктері болады. Сонымен қатар, электрондық оқулық бала үшін мұғалім, қолайлы жұмыс орны және бос уақытын тиімді ұйымдастыру құралы болып, білім беру мазмұнын сапалы өзгертуге, шексіз байытуға мүмкіндік беріп отырады.

Бақылаумен не бақылаусыз жүргізілген электрондық оқу түрі баланың білім алуына шектеу болмайды, тиісінше балаларға тәрбие құралы да бола алады. Себебі, электрондық оқулық CD дискілерде жазылғандықтан балалар интернетке кіріп жас ерекшелігіне сай емес дүниелерді көруден аулақ болады.

Қорыта келе, электрондық оқулықтарды қолдану арқылы бастауыш сынып білім алушыларының мотивациясын күшейтіп, олардың білімге деген құштарлығын оята отырып, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруымызға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет