«Қабылсай» жалпы орта білім беретін мектебі
Ғылыми жоба
Тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың
« Түркістан» өлеңіндегі ұлттық рух
Оқушының аты-жөні: 10 сынып оқушысы
Тойбек Гауһар Сәбитханқызы
Жетекшісі: Абилханова Раушан Борибаевна
Мазмұны
1. Кіріспе...............................................................................................................
2.Негізгі бөлім........................................................................................................
2.1. Мағжан Жұмабаев. Мағжанның шығармашылығы .....................................
2.2. Түрік қағанаттары .................................................................
2.3. Қазақстан өз алдына тәуелсіз ел.......................................................................
Қорытынды....................................................................................................
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.....................................................................
КІРІСПЕ
Қазақ поэзиясына Абайдан кейін жаңалық болып келген, қазақтың өлең өрнегін мың құбылта жырлаған ақын – Мағжан Жұмабаев. Мағжанның шығармашылығы тек қана формасының жаңашылдығымен емес, әр өлеңі үлкен бір ұғымға ие болуымен, ой өрісі мен тіркестерінің ұтымдылығымен ерекшеленеді. Мағжан – қазақ халқының ұлттық ұлы ақыны. В.Г.Белинский «ұлттық» деген мағынаны «халықтық» деген ұғымнан әлдеқайда кең түсіндірген. Оның айтуы бойынша, «халық деген мемлекеттің барлық өмір сүретін адамдарының басым көпшілігі, оның төменгі негізгі бөлігі, ал, «ұлт» дегенге бүкіл халық, оның мемлекеттік денені құрайтын жоғарыдан төменіне дейінгі барлық саны кіреді. Ұлттық ақын өз шығармаларында халықтың басым көпшілігіне тән құбылыс арқылы бүкіл ұлттық тұтас дененің қозғалысын бейнелейтін өмір шындығын ашады, оның ұлттың саналы, білімді бөлігінің ой-жүйесіндегі көрінісін суреттейді. «Ұлттық ақын болу – ұлы іс» деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |