«
(Шәһ
идтердің)
рухтары, аршыға ілінген шырақтары бар
жасыл құстардың кеуде қуысында. Ертемен жаннаттың
қалаған жеріне барып, сосын әлгі шырақтарға қайтады»
, – деп
айтты»
, – деп жауап берген
1
.
Яғни, шәһидтердің рухтары жасыл құстардың ішінде, ал ол
құстардың мекені Аллаһ тағаланың аршына ілінген құс ұясы
тәрізді шырақтарда болмақ.
Міне, бұл – Аллаһ тағаланың шәһидтерге әзірлеген құрмет
орны. Сондықтан да Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сахабалары және
бұрынғы өткен ізгі кісілер шәһидтікті қалайтын болған. Өйткені
олар Құран аяттарынан және Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
хадистерінен
шәһидтерге
дайындалған
сый-құрметтің
қаншалықты жоғарғы дәрежеде екендігін біліп, оны қалап және
осы мәртебеге жету үшін қатты ұмтылатын. Пайғамбарымыз
(с.а.с.):
«Кімде-кім шын жүрегімен Аллаһтан шәһидтікті
сұраса Аллаһ оны, егер ол төсекте өлсе де, шәһидтердің
мәртебесіне жеткізеді»
, – деген
2
.
Қабір азабы мен нығметтері
жан мен тәнге жеке беріле ме
әлде екеуіне ортақ па?
Ғұламалар: «Көптеген сахих хадистер сұрақ-жауап кезінде
жанның тәнге қайтарылуына дәлел болады. Ал тәннің жансыз
түрде сұраққа алынуы туралы бір топ адамдар айтқан, оны
ғалымдардың көбісі жоққа шығарды. Ал тағы біреулер бұған
қарама-қарсы ой яғни, «сұрақ тәнге емес, тек жанға ғана
қатысты», – деп айтты. Бұл Ибн Хазмның ойы, бірақ бұл екі пікір
де қате.
Сахих хадистер бұл екеуін де жоққа шығарады.
Сүннетті ұстанушы төрт мазһаб өкілдерінің бір ауыздан
мақұлдауы бойынша мұның шешімі төмендегідей: «Қабір азабы
мен нығметтері жан тәннен бөлінсе де, тәнмен бірге қосылып
1
Муслим.
2
Әт-Тирмизи.