2
ББК 86.38
Қ 13
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ДІН ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ
ДІНТАНУ САРАПТАМАСЫНАН
ОҢ ҚОРТЫНДЫ БЕРІЛГЕН
Қ 13. Қабір азабы / Аудар. А. Зулай – Алматы:
«Кәусар-саяхат» ЖШС, 2013.
ISBN 978-601-7016-13-5
Иманның алты тірегінің бірі – Ақырет күніне сену, иман
келтіру. Ақырет орындарының әуелгісі қабір болып саналады.
Бұл кітапта қабірдегі жағдайлар, өмірді жақсы аяқтаудың
белгілері сияқты мұсылмандарды толғандыратын мәселелер сөз
болады. Сондай-ақ Құран Кәрім мен ардақты Пайғамбарымыз
Мұхаммедтің (с.а.с.) хадистерінен осы жайтқа қатысты
нақты дәлелдер келтіріледі. Кітап қалың көпшілікке арналған.
ББК 86.38
ISBN 978-601-7016-13-5
© «Кәусар-саяхат» ЖШС, 2013.
3
АЛҒЫ СӨЗ
Елімізге ұзақ жылдар бойы арман болған Тәуелсіздікті,
халқымызға ата-баба діні Исламға оралуды нәсіп еткен Аллаһқа
сансыз мадақ және Оның елшісі Мұхаммедке Аллаһтың сәлемі
мен салауаты болсын!
Кеңес дәуірі тұсында материалистік
идея қазақ халқын асыл
дінінен айырып, тамырына балта шапқысы келді. Ол – адам
маймылдың ұрпағы, білгеніңді осы дүниеде істеп қал, Ақырет
деген ұғым жоқ. Өлген соң топыраққа айналасың, сонымен өмір
бітті деген атеистік идеялармен халықтың санасын улаумен
болды. Бірақ Аллаһтың қалауымен
Қазақстан өзге де керегесі
биік елдермен терезесі тең егеменді елге айналды. «Қазақ халқы –
мұсылман» деген ұғым адамдарды дініне қайта оралуға
итермеледі. Соның нәтижесінде еліміздегі мұсылман қауымы
өздеріне және әлем халқына жаппай Аллаһ тарапынан түсірілген
«Ислам» діні, Ислам шариғаты ғылымдарын кең көлемде оқып
үйрене бастады. Қазақстан Мұсылмандары Діни
Басқармасының
бастамасымен әрі толық қолдауымен еліміздің түкпір-түкпірінде
мешіт-медреселер ашылып, Ислам тіректері және иман
негіздеріне байланысты діни әдебиеттер саны арта түсті.
Міне, біз осындай нығметтерге қол жеткізуімізді нәсіп еткен
Жаратушымыз Аллаһқа көптеген шүкірлер, мақтау-мадақтаулар
айта отырып, бұл кітапшамызды
иманның бір тірегі болған
Ақырет күніне иман келтіру аясында халықтың ой-санасынан
берік орын алған ұғымдардың қатарына жататын қабір әлемі,
Муңкәр мен Нәкір сынағы және қабір нығметі мен азабы
тақырыптарында әзірлеуді жөн көрдік.
Бұл ұғымдар біздің
мұсылман халқымыздың санасына сіңген. Өкінішке орай, қазіргі
уақытта халықтың діни сауатының таяздығын пайдаланып кейбір
дінбұзарлар «қабірде сұрақ болмайды», «қабір азабы не нығметі
деген жоқ» деген сияқты идеяларды таратуға тырысуда.
Мұсылман қазақ халқының арасына іріткі салып, Ақыретті
ойлаудан алшақтатқысы келгендердің алдын алу үшін Мәжди
Мұхаммед әш-Шиһәуидің «Қабір азабы»
атты еңбегін қазақ
тіліне аударып, халыққа ұсынып отырмыз.