37
Өтс-ті, оның құрамындағы ауа түрлерінің көлемін спирометрмен
өлшеп немесе спирографпен жазып, олардың мөлшерін спирограмма
арқылы табуға болады.
күш салып терең дем шығарған сәтте 1000-1500 мл ауа сыртқа
шықпай, өкпеде қалып қояды. мұндай ауа «қалдық» деп аталады.
Қалдық ауамен резервтік дем шығару ауасы қалыпты дем алып, дем
шығаратын кезде әрдайым өкпеде қалып отырады. мұндай екі түрлі
ауаның қосындысы «функциялық қалдық» ауа (ФҚа) деп аталады.
ФҚа = Қа + РШДа.
ал қалыпты дем алған кезде функциялық қалдық ауа (ФҚа)
қалыпты тыныс ауасымен (Қта) араласып, әрдайым аздап жана-
рып отырады. Демді мейлінше ішке тартқан кезде, өкпені толтырған
ауаның жалпы мөлшері өкпенің жалпы сыйымдылығы (Өжс) мен
қалдық ауадан (Қа) тұрады.
Өжс = Өтс + Қа.
Өкпедегі қалдық ауаның мөлшері жанама әдіспен (азот немесе
гелий көлемін анықтау арқылы) анықталады. әдетте, қалыпты ауа
өкпенің жалпы сыйымдылығының (Өжс) 20-30% -іне тең. Қарт адам
өкпесінің серпімді қабілеті төмендеп, шеміршегі қатайғандықтан,
өкпенің тіршілік сыйымдылығы азайып кетеді, ал қалдық ауаның
көлемі, керісінше, көбейе түседі.
Достарыңызбен бөлісу: