Абжанова сокращенная indd


Қарт адамдардың тамақтануы



Pdf көрінісі
бет65/151
Дата27.11.2023
өлшемі5,39 Mb.
#130239
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   151
Қарт адамдардың тамақтануы.
Қарттардың тамақтану ерекшелігі
барлық тірі организмдерге өзіндік өмір ұзақтығы тән. жас ұлғайған 
сайын мидың жұмыс істеу қабілеті төмендейді, есту және көру нашар-
лап, бұлшық еттер мен буындар әлсірейді, бірақ дені сау адамдарда 
бұл өзгерістер 65 жастан кейін ғана көрніс табады. Денсаулығын 
сақтау үшін адамдардың қалыпты салмақ ұстанып, дұрыс тамақтануы 
керек.
жасы ұлғайған сайын адамның тәбеті нашарлайды. сондықтан да 
денсаулықты және дене бітімінің жақсы қалпын сақтау үшін, ағзаға 
қоректік заттардың жеткізілуіне ерекше назар аударуымыз керек.
Дәстүрлі тамақтану пирамидасы арнайы жасы ұлғайған адамдардың 
қажеттілігі үшін өзгертілген болатын. Оның басты – ұстанымы жасы 
ұлғайған адамдарда энергетикалық қажеттіліктердің едәуір аз болуы, 
шамамен алғанда калорияның күндізгі нормасы олар үшін – 1200-
1600 ккал. жасы 70 -тен асқан адамдар өздерінің ағзаларын маңызды 
қоректік заттармен қамтамасыз ету үшін, тамақтануына ерекше көңіл 
бөлулері керек.
тағамдық заттарды таңдағанда, қоректік заттардың талап етілетін 
мөлшеріне ерекше назар аудару керек. жасы ұлғайған адамдардың 
ас мәзіріндегі тамақтар әрбір санаттағы пайдалы заттарен қаныққан 
болуға тиіс. Оларға еленбеген ұннан пісірілген нан өнімдері
көкөністер, жемістер, майы алынған (құрамында майы аз) сүт өнімдері, 
балық пен ет жатады.
Қарттардың ас мәзірінде көкөністер ерекше рөл атқарады. Қарт 
адамдарға мұздатылған көкөністерді қолдануға кеңес беріледі. Өйткені 
олар арзан және пайдалы заттарға бай.
еленбеген ұннан пісірілген өнімдер қарт адамдар үшін 
тамақтанудың негізі болып табылады. Оларға нан өнімдері, ботқалар


142
 
 

күріш, макарон, өнімдері және т.б. жатады. сонымен қатар ағзаны 
сұйықтықпен қамтамасыз ету өте маңызды. күніне кем дегенде 
8 стақан су ішу керек. бұл бүйрек пен және ас қорытумен болатын 
қиыншылықтардың алдын алуға көмектеседі.
жасы ұлғайған сайын ағзаның жұмыс істеуі баяулайды. сондай-ақ 
ас қорыту жүйесі де баяу жұмыс істейді. нәтижесінде, тамақ баяу 
қорытылады. күні бойы аз мөлшерде 4-5 рет тамақтану керек. бұл 
асқазанның ас қорыту үдерістерінде қиындық туғызбайды және 
қандағы қант деңгейін бірқалыпты сақтайды.
ақуыз минералды қосылыстар – қарт адамдардың мәзіріндегі 
маңызды элементтер. Қарт адамдардың ас мәзірінде дәнді өнімдер 
(ірі тартылған және араластырылған ұннан дайындалған өнімдер), 
сондай-ақ ботқалар, күріш, макарон, және картоп маңызды орын 
алады. аптасына бір рет асылған етті, мысалы, құрамы темірге бай 
майсыз сиыр етін және тауық етін пайдаланған жөн.
балық аптасына ас мәзірінде кем дегенде екі рет болу керек. 
Оның құрамында жүрек қантамыр жүйесіне пайдалы қанықпаған май 
қышқылдары және дәрумендер бар.
жұмыртқаны көп мөлшерде жеуге болмайды. көп болғанда апта-
сына екеуін жеуге болады. Өйткені сарыуыздың құрамында көп 
мөлшерде холестерин бар. ал ақуызды күнделікті тұтынуға болады.
Қарт адамдардың күнделікті ас мәзірінде міндетті түрде сүт 
өнімдері болуы керек. сүт өнімдері сүйектер мен тістерді нығайту 
үшін кальцийдің негізгі көзі болып табылады.
ағзаны барлық қоректік заттармен, дәрумендермен және минерал-
дармен қамтамасыз ету үшін ас мәзірін өзгертіп отырған дұрыс.
көкөністер мен жемістерді пайдаланғанда, ең дұрысы, оларды буда 
дайындаған жөн. көкөністер мен жемістер қартаю үдерістерін, қатерлі 
ісіктің және атеросклероздың пайда болуы мүмкіндігін азайтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет