193
белгілі тамақтану рационы ас қорыту үрдістеріне әсер етіп, ағзадағы
физиологиялық үрдістерді керек жаққа бағыттап, психологиялық
әрекеттің дамуына, еңбекке қабілеттілігін жоғарылатып, сыртқы
ортаның жағымсыз әсерлеріне тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік
береді. Осының өзінде тамақта тек белгілі тағамдық заттар болуын
ғана емес, сонымен қатар олардың арасындағы сандық арақатынасты
да қадағалау керек, басқаша айтқанда, сапалы теңестірілген диета
сақтау керек.
соңғы жылдардағы зерттеулер ақуыз, майлар және көмірсулардың
спортшылар тағамдарындағы рөлін анықтауда, олардың арасындағы
арақатынас 1:0,8:4 тең, қалыптасқан май бөлігінен төмен болуы керек.
бұл физикалық жаттығуларды орындағандағы ерекшеліктерімен
түсіндіріледі, яғни оттегінің нақты тұтынылуы ағзаның оған деген
қажеттілігінен төмен болып келеді. Осындай жағдайда энергетикалық
материал ретінде көмірсулар, ал майлар көмірсудың аз болуында
тотығулары нашар жүреді де, ағзадағы керексіз толық тотықпаған
азық-түліктермен толтырады (кетондық денелер).
Достарыңызбен бөлісу: