Абжанова сокращенная indd



Pdf көрінісі
бет182/198
Дата10.04.2022
өлшемі5,39 Mb.
#30489
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   198
Байланысты:
1 (5)

Жарықтандыру гигиенасы. 
Жарықтандырудың гигиеналық маңыздылығы
Қоғамдық,  тұрмыстық  және  тұрғын  үй  ғимараттарында  екі  түрлі 
жарықтандыру қолданылады:
1.  табиғи – күн сәулесімен жарықтандыру;
2.  жасанды  –  газ-разрядты  және  қыздырылатын  шамдармен 
жарықтандыру.
адамдардың  дұрыс  өмір  сүруі  үшін  олар  көп  жүретін  бөлмелерді 
күн  сәулесімен  жарықтандыру  керек.  себебі,  табиғи  жарықтандыру 
ағза  биоритміне,  эмоциясына,  алмасу  үдерістерінің  қарқынды-
лығынажағымды әсер етеді.
Өндірістік бөлмелердегі жұмыс орындарының жарықтандырылуына 
қойылатын  гигиеналық  талаптардың  бірі  –  адамның  жұмыс  істейтін 
заттарының  жарықтандырылуына  байланысты  көру  функциясының 
қамтамасыз етілуі.
көрудің негізгі қасиеттеріне келесілер жатады:
–  қарама-қарсылықты сезіну (көздің затты жалпы фоннан ажырата 
білу қасиеті);
–  көру қырағылы (көздің ұсақ заттарды көре білу қасиеті);
–  заттарды ажырата білу жылдамдығы;
–  анық  көру  тұрақтылығы  (заттың  бөліктерін  ажырата  білу 
қасиеті).
жарықтандыру жеткіліксіз болса, жоғарыда аталған көру қасиеттері 
төмендейді,  көздің  жағдайы  нашарлайды,  жұмысқа  қабілеттілік, 
тиянақтылық төмендеп, өндірістік жарақат алуы мүмкін.


301
көру  функцияларын  жүзеге  асыру  үшін  жарықтандыру  барлық 
жерге бірдей тарап, бірқалыпты болуы керек.
Қатты  түсіп  тұрған  жарық  (күн  көзі  немесе  жасанды  жарық  көзі) 
көздің қарама қарсылығын сезінуін, көру тұрақтылығын төмендетеді.
ғимараттың  сәулет-жобалық  шешімдері  күннен  қорғау  шара-
ларын  (верандалар,  уақытша  құрылғылар  –  перделер,  экрандар) 
қарастырады.  жасанды  жарықтандыру  кезінде  шамдарды  ілу 
биіктігіне, жарықтандырылу арматураларына, көз алдындажылтырай-
тын заттардың болмауына мән берілуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет