41
Ұлпалардағы газ алмасу. Оттекте қаныққан күретамыр қаны қан
айналымының үлкен шеңберімен организмнің барлық ұлпаларына
тасымалданады. Ұлпаларда оттек, оттек қоспасы жоғары қылтамырдан
ұлпа сұйықтығы арқылы жасушаларға диффузияланады да, тотығу
үдерісіне қатысады. көмірқышқыл газы ұлпа жасушаларынан қылта-
мырға ұлпа сұйықтығы арқылы диффузияланады. Ұлпадағы газ алма-
суды «ішкі тыныс алу» дейді.
күретамыр қаны тамыр қанына айналып, қуыс тамыр арқылы
жүрекке, ары қарай қан айналымының кіші шеңберіне өтеді. күні
бойы адам пайдаланатын оттек пен көмірқышқыл газының мөлшері
дене белсенділігіне және денсаулық күйіне байланысты өзгеріп оты-
рады.
тыныс қозғалыстары. Өкпеде бұлшық ет ұлпалары жоқ, сондықтан
олар өздігінен жиырыла алмайды. тыныс алу қозғалыстары, негізінен,
қабырға аралық бұлшық ет пен көк еттің жиырылуы арқылы
қамтамасыз етіледі. көк ет дегеніміз – кеуде қуысын құрсақ қуысынан
бөлетін күмбез тәрізді бұлшық ет. тыныс алғанда, қабырға аралық
бұлшық еттер жиырылып, қабырғаларды көтереді, көк ет жайпақ
болып, құрсақ қуысындағы мүшелерге қысым түсіреді. нәтижесінде,
кеуде қуысының көлемі артып, өкпе қап қуысындағы қысым
төмендейді. Осы кезде өкпе кеңейіп, қысым азаяды да, атмосфералық
ауа өкпеге барады. тыныс алу іске асырылады. тыныс алуға бронхы-
лар, кеңірдектің шеміршек аралық бұлшық еттері, омыртқа жотасының
бұлшық еттері, иық белдерінің бұлшық еттері, т.б. қатысады.
тыныс шығарғанда, тыныс алу бұлшық еттері босаңсиды,
қабырғалар басылады, көк ет көтеріліп, дөңес болып, кеуде қуысының
көлемі кішірейеді. сонымен қатар өкпе көлемі де кішірейіп, ондағы
қысым жоғарылап, атмосфералық қысымнан сәл артып, ауа өкпеден
шығарылады. Осылай тыныс шығарылады. тыныштық күйінде ересек
адам минутына 16-18 тыныс алу қозғалыстарын жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: