113
қоздырмау үшін бұрышталған, тұздалған тағамдарды жемеу керек,
спирт ішімдіктерін мүлдем ішпеу керек. алкогольдің тәбетті барынша
қоздыратын әсері бар.
сонымен, тәбеттің күшеюі денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін,
бірақ оның мүлдем болмауы да жақсы емес. баласы аузын ашса
болғаны, «тәтті» бірдеңені тықпалауға дайын тұратын тым өбектегіш
шешелердің балалары көбіне осындай болады. Осындай өбектеудің
салдарынан бала тәбетінен айырылады, ал бұдан қорыққан шешелері
оны үсті-үстіне тамақтандыруға тырысып, жағдайды бұрынғадан да
асқындыра береді.
тамақты тәбетің тартып тұрғандай ішкен әрқашан жақсы. тәбетің
тартуы үшін уақыт керек. тамақтың арасында үзіліс әбден қажет. бала
кезде бұл үзіліс ересек кездегіден гөрі қысқа болуға тиіс.
мұндай үзілістер қандай болуға тиіс? тамақтанған уақытта қанша
тамақ және қандай тамақ ішу керек? басқаша айтқанда, дені сау ере-
сек адамның тамақтану режимі қандай болуға тиіс?
тамақтану режимі негізгі төрт қағидасына сай құрылуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: