187
ағзаның дұрыс өмір сүруіне алдын алу үшін тағаммен бірге:
ақуыз, май, көмірсулар, дәрумендер, микроэлементтер түсіп отыруы
абзал. тағамның калориясы ағзаның қуат шығынына сәйкес келуі өте
маңызды, ол әр адамға жеке анықталады, бұл ретте оның бойы, жасы,
салмағы және күнделікті дене белсенділігі, ақыл-ой және эмоцио-
налды жүктемелері ескеріледі.
ағзаның жалпы қалпы, оның белсенділігі және жұмысқа
қабілеттілігі тамақтану режиміне байланысты. тәулігіне 3-4 реттен
аз тамақтанбау қажет және тамақтану уақытын күнделікті сақтаған
абзал. емтихан уақытында тамақ құрамына қосымша 10-15 г өсімдік
майын табиғи күйде қолданған жөн, ол салаттардағы дәрумендер топ-
тамасын айтарлықтай артырады және жұмысқа деген қабілеттілікті
жақсартады. ірімшік және қышқыл сүтті сусындар құрамындағы сүтті
ақуыз күйзеліс деңгейін төмендетеді. Қажудан құтылып шығуға көк
шай мен бір қасық бал және жарты лимон шырыны көмектеседі.
жоғарыда айтылғандарды түйе келе, дұрыс тамақтану мен белсенді
дене жүктемесі – өз ағзаны дұрыс қалыпта ұстаудың, өмір сапасын
жақсартудың кепілі екенін атап көрсеткіміз келеді. салауатты өмір
салтын ұстану өнері әр студентке өз денсаулығын жақсартуға және
лайықты кәсіп иесі атануға қажет және қолжетімді.
Достарыңызбен бөлісу: