192
үрдістерден басым болады. бұл кезде жұмсақ мақсаттар үшін бұлшық
ет адиназинтрифосфатының пайдаланылуы шектеледі. Ол, негізінен,
энергетикалық мақсатта қолданылып, бұлшық еттердің қарқынды
жұмысын қамтамасыз етеді. сонымен қатар жұмыс гепоксиясының
пайда болуы мен оттектік қажеттіліктің өсуіне байланысты болатын
гликолитикалық үрдістердің жоғары қарқындылығы көрсетіледі. сол
сияқты, толық қарқынды спорттың жүктеме кезінде метаболитикалық
үрдістердің сипатында өзгерістер айқындалады.
екінші тип орташа жүктемелерге тән. бұлшық етте, қанда және
Ожж-дегі биохимиялық көрсеткіштер мен олардың арақатынастары,
негізінен, қалыпқа келеді, көп мөлшерде бұлшық еттен тыс энергия
көздері қолданылады, гликолис үрдістері аэробты тотығу үрдістерімен
ығыстырылады және метаболизм үрдістері жалпы алғанда, тұрақты
сипатта болады. сонымен бірге әртүрлі дәрежедегі оттекті қарыздану
да болуы мүмкін.
зат алмасудың үшінші типі ұзақ уақытты орташа және біркелкі
қарқынды физикалық жүктемелер кезінде пайда болады. бұл кезде
метаболиттік үрдістердің тұрақты күйдің екінші реттік бұзылулары –
гликолиздің күшеюі, жұмыстық глипоксияның пайда болуы,
оттектік қазырдың түзілуі т.б жүреді. зат алмасудың бұндай типіне
қалыпқа келуі ұзақтығы тән. зат алмасудың жоғары қарқыны және
оттегі жұмсалуының жоғары болуы екі тәулікке дейін сақталады.
спорттық әрекеттің негізгі түрлеріне тән зат алмасулардың аталған
ерекшеліктері спортшылардың тамақтануына қойылатын талаптарды
анықтауға мүмкіндік береді. сандық қатынаста спортшылардың
тамақтануы жеткілікті, әрі ағзаның энергетикалық және жұмсақ
шығындарын толықтай толтыруы керек.
Достарыңызбен бөлісу: