235
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, таратушы желілерсіз су
іркуіш құрылғылардың көмегімен жерасты су көздерін пайдалану.
Орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету көздеріне жерасты
сулары жатады. әдетте, жерасты суларының сапасы қабатаралық
сулармен немесе орталықтан қамтамасыз етілетін ауызсумен
салыстырғанда нашар. ауызсу сапасына денсаулық сақтау органдары
жіті назар аударады, яғни халықтың денсаулығының ахуалы соған
тәуелді.
«Орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету суының сапасына
қойылатын гигиеналық талаптар. су көздерінің санитарлық қорғау»
санежн 2.1.4.1175-02.
су сапасы «Шаруашылық ауызсу мен мәдени-тұрмыстық су пай-
далану су объектілерінің суларындағы химиялық заттардың шек-
теулі рұқсат етілген концентрациялары (ШРк)» мн 2.1.5.1315-03,
«Шаруашылық ауызсу мен мәдени-тұрмыстық су пайдалану су
объектілерінің суларындағы химиялық заттардың шамалас рұқсат
етілген деңгейлері (ШРД)» мн 2.1.5.1831-04 сәйкес келуге тиіс.
бұл санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерде ауызсу
сапасы мен оны қадағалауға қойылатын заманауи талаптар ескерілген.
санитарлық ережелер су сапасын бақылау әдістерін де реттейді.
су жинау орындарындағы суқоймаларының су сынамаларын алу
мен талдау, таратушы желіге берілер алдында, сонымен қатар су
пайдалану орындарында тазартудан кейінгі су сынамаларын зерттеу
қарастырылған. зерттеулер саны осы су көзінен су пайдаланатын
тұрғындар санымен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: