237
ішкі кәріз жүйесі – ағын сулардың түзілген орындарында ағын
суларды қамтамасыз ететін және оларды ары қарай тазартушы
құрылымдарға беруге тиіс құрылымдар мен жабдық кешені.
кәріз жүйесінің желісі деп ағын суларды бұру үшін құбырлар
желісінің жүйесін атайды.
Қоғамдық тамақтану кәсіпорнының кәріз жүйесінің құрылымы
кәріз жүйесі, сыртқы желілер мен құрылымдар, ғимараттың ішкі
су құбыры мен кәріз жүйесіне қойылатын қолданыстағы құрылыс
нормаларының талаптарына, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру
кәсіпорындары үшін санитарлық талаптарға сәйкес келуге тиіс.
Өндірістік (жуушы және өндірістік ванналардан ыдыс-аяқ жуушы
машиналардан, технологиялық жабдықтан) және шаруашылық-
тұрмыстық ағын сулардың кәріз жүйесінің ішкі жүйесі кәріз жүйесінің
ішкі алқаптық желілерге дербес шығыстарынан бөлек болуға тиіс.
егерде кәсіпорын тұрғын үйде орналасқан болса, тұрмыстық және
өндірістік кәріз жүйесі желілері осы ғимараттардың шаруашылық
кәріз жүйесімен біріктірілмейді.
Қоғамдық тамақтандырудың ірі кәсіпорындары өндірістік ағынды
суларды ірі қалдықтардан тазарту үшін тазартқыш ғимараттармен,
ал ет және жуушы цехтар май аулағыштармен жабдықталуға тиіс,
ал көкөніс цехтарында лай тұндырғыштар мен сығынды аулағыштар
орнатылады.
Достарыңызбен бөлісу: