21
Ортаңғы мидың құрылысы көзді және басты қозғалтатын жүйке
бөлшектерінен тұрады. Дүниені танып, білу, тілек, ықылас, көңіл күйі,
аштық және шөлдеу сезімдерін реттейді.
артқы миға варолиев көпірі мен мишық жатады. көпірде ұйқыны
және сергектілікті реттейтін орталық бар.
мишықтың қызметі – адамның қимыл-әрекетін реттеу. Оның
қызметі бұзылса, адам дәл үйлесімді қимылынан айырылып, тепе-
теңдік сақтай алмайды. мишықтың құрылымына алкоголь зиянды
әсер етеді.
сопақша ми жұлынмен жалғасады. Оның сұр затында адамның
тіршілігі үшін маңызды орталықтар бар. бұл орталықтар жүрек
жұмысын, тыныс алуды, жұтынуды және т.б. мүшелердің қызметін,
сілекей, қарын сөлі, ұйқы безі сөлінің бөлінуін де реттеп оты-
рады. түшкіру, жөтелу, құсу, көзден жас ағу да сопақша мидағы
орталықтармен реттеледі.
1-сызбанұсқасы. Адам нерв жүйесінің құрылымы
Үлкен ми сыңарларының қыртысы. беті сұр затпен немесе
ми қыртысымен жабылған. сұр заттың астында ақ зат бар. ми
сыңарларының беті қатпарланып жатады, оның жалпы көлемі –
2000-2500 см
3
, қалыңдығы – 2,5-3 мм. Ол 14 млрд. жүйке клеткасы-
нан құралады. әрбір ми сыңарында төрт бөлік: маңдай, төбе, самай
22
және желке бар. Рецепторларға ішкі мүшелерден және сыртқы ортадан
ақпарат түсіп отырады. мұнда талданады және қорытындыланады.
содан соң ол ақпаратқа тура жауап қайтаратын мүшеге өзінің
импульсін жібереді. мысал үшін дәмді тамақ иісіне сілекейдің
бөлінуін келтіруге болады.
Вегетатитвтік жүйке жүйесі. ішкі мүшелер мен бездердің, қан
тамырларының жұмысын, зат алмасуын реттейді. Вегетативті жүйке
жүйесі мида және жұлында топ клетка болып орналасады. Осы
орталықтан әрбір мүшеге қимылды және сезімталдықты өткізетін
жүйке талшықтары тарайды. Вегетативтік жүйке жүйесі симпа-
тикалық және парасимпатикалық болып бөлінеді. симпатикалық
жүйке жүйесінен келген қозу мүшенің жұмысын жылдамдатады, ал
парасимпатикалық керісінше.
Шартты және шартсыз рефлекстер.
Рефлекс (лат. Reflexus – қайтару, бейнелеу) – организмнің ішкі және
сыртқы орта әсерлеріне орталық жүйке жүйесі арқылы қайтаратын
жауабы. Рефлекс шартты және шартсыз болады. Шартсыз рефлекс
туа пайда болады. Шартсыз рефлекстер жай және күрделі болады.
жай рефлекстерге көздің қарашығының жарыққа жауабы, ыстық
затқа саусақ тигенде қолды тартып алу (қорғаныш рефлексі), шөлдеу,
ашығу, ауырсыну, жұтыну т.б. жатады. күрделі рефлекстер өтуі үшін
бірнеше рефлекс тізбектеле қатысады. мұндай шартсыз рефлекс
түйсік (инстинкт) деп аталады. мінез-құлық деп организмнің ішкі
және сыртқы факторлар әсеріне өзінің іс-әрекетін өзгерту қабілетімен
жауап беруі айтылады. Организмнің тіршілігінде өмір бойы пайда
болатын және талғаусыз тітіркендіргіштердің шартсыз рефлекстермен
сәйкес келуі нәтижесінде құрылатын рефлекс шартты рефлекс деп ата-
лады.
Достарыңызбен бөлісу: