Абжанова сокращенная indd


Тағамдық заттардың нейрогуморальдық жүйенің



Pdf көрінісі
бет19/198
Дата10.04.2022
өлшемі5,39 Mb.
#30489
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   198
Тағамдық заттардың нейрогуморальдық жүйенің
қызметіндегі маңызы
тағамның  құрамы  нейрогуморальді  жүйенің  функционалдық 
жағдайына әсер етеді. Рационда белок (ақуыз) жетіспеушілігі орталық 
жүйке жүйесінің дамуын төмендетеді, әртүрлі рефлекстердің (шартты) 
қалыптасуын  нашарлатады,  оқу  мүмкіндіктерін,  есте  сақтау,  мидағы 
қоздыру  үдерістерін  нашарлатады.  ал  ақуыздың  артық  мөлшері 
орталық  жүйке  жүйесінің  қозуын  арттырады.  көптеген  амин 
қышқылдары нейромедиаторлар мен гормондары түзілуінің бастапқы 
заты болып табылады. 
көмірсулар мидың қызмет етуі үшін энергия көзі болып табылады 
және  қанға  глюкоза  түрінде  үнемі  түсіп  тұруы  керек,  себебі  жүйке 
ұлпаларында  гликоген  өте  аз.  Қанда  глюкозаның  құрамы  аз  болса 
мидың тежелуі пайда болуы мүмкін, сол кезде эмоциялық реакциялар 
күшейеді. бұндай жағдай тамақтанудан бұрын болады. 
тез  қорытылатын  көмірсулар  ми  қабығын  тыныштандырып, 
шаршағанды басады. сондықтан да көмірсулар өте қажетті нутриент-


24
 
 
                                                                                          
тер болып табылғанымен, оларды қабылдаған кезде сандық нормасын 
сақтау керек. 
ми  және  жұлын  ұлпаларында  көптеген  липидтер  мен  липоид-
тер  (фосфатидтер,  стериндер  т.б.)  кездеседі.  Өте  үлкен  маңызы  бар 
лецитин мен кефалин. бұл заттарға қажеттілікті өтеу үшін рационға: 
рафинадталған  өсімдік  майларын,  сарымай,  жұмыртқаның  сарысын 
енгізу керек. 
Дәрумендер  медиаторларды  синтездеу  үшін  қажет.  мысалы, 
халин  сірке  қышқылымен  айетилхолин  деген  эфир  түзеді.  Ол  жүйке 
жүйесінде  ацетилхомин  эстераза  ферментінің  активтілігін  тежейді. 
тиамин  жетіспеген  кезде  мидың  шартты  рефлекторлық  қызметі 
бұзылады,  қозу  үдерісі  әлсірейді  және  кідіру  күшейеді,  бұл  адамның 
еңбек қабілетін төмендетеді. 
симпатикалық  бөлімнің  (жүйке  жүйесінің)  медиаторы  нора-
дреналин  –  фенилаланиннің  тотығуы,  соңынан  түзілген  өнімнің 
декарбоксилденуінің  нәтижесінде  түзіледі.  бұл  үдеріс  үшін  пири-
доксин  (дәрумен  В6)  қажет.  Ол  басқа  да  медиаторлардың  (серотонин, 
гаммааминомай қышқылының) түзілуіне қатысады. Рибофлавин көру 
үдерісін қамтамасыз етеді. 
әсіресе  жүйке  жүйесінің  жоғарғы  бөлімдері  дәрумен  РР-нің 
жетіспеушілігіне  сезімтал.  Ол  орталық  жүйке  жүйесінде  терең 
өзгерістерге әкеп соғады, нейрондарға зақым келеді. 
сондықтан  да  В  тобындағы  дәрумендердің  кез  келгенінің 
жетіспеушілігі Ожж қызметін бұзады. 
аскорбин  қышқылы  (дәрумен  с)  норадреналиннің  түзілуіне 
қатысады және адреналинді тотығудан сақтайды. 
нейрондардың  қызметі  организмдегі  минералды  заттардың 
мөлшеріне  де  байланысты.  Na,  K,  Ca  орындаушы  органдарға 
хабарды  жеткізуге  қатысады.  Осы  минералды  заттар  және  де  Mg,  P 
ферменттердің  белсенділігі  әсер  етеді.  Ферменттер  жүйке  клеткала-
рында негізгі алмасу үдерістерін жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет