Абжанова сокращенная indd



Pdf көрінісі
бет27/198
Дата10.04.2022
өлшемі5,39 Mb.
#30489
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   198
Өкпенің  құрылысы  мен  қызметі.  Өкпе  –  кеуде  қуысында  орна-
ласқан  шымыр,  кеуекті  жұп  мүшелер.  Өкпенің  сыртқы  дөңес  бетін 
қабырғалар  қоршайды,  ал  ішкі,  ойыс,  жүрек  жақ  бетінде  өкпе  аузы 
орналасқан.  Өкпе  арқылы  негізгі  бронхылар,  өкпе  артериялары, 
жүйкелер  кіріп,  тамырлар  мен  лимфа  тамырлары  шығады.  Өкпенің 
сыртқы  жұқа  қабықшамен-екі  жапырақшадан  тұратын  өкпеқаппен 
(плевра)  жабылған.  Өкпеқаптың  сыртқы  жапырақшасы  кеуде 
қуысының  ішін  астарлайды,  ал  ішкі  жапырақшасы  бүкіл  өкпені 
қаптайды.  жапырақшалар  арасында  аз  мөлшерде  өкпеқап  қуысы 
бар.  сұйықтық  өкпенің  тыныс  қозғалысы  кезінде  жапырақшалардың 
үйкелісін  азайтады.  Өкпеге  кіретін  бронхылар  тармақталып,  бронх 
ағашын  түзеді,  бронх  бұтақшаларының  ұшында  альвеолалар  –  өкпе 
көпіршіктері болады.
альвеолалар  –  диаметрі  0,2-0,3  мм,  тереңдігі  0,06-0,3  мм,  ауаға 
толы  өкпе  көпіршіктер.  альвеола  қабырғасы  бір  қабатты  эпителий-
ден  тұрады,  сырты  капиллярлардың  қалың  торымен  шырмалған. 
капиллярлар мен альвеолалардың жұқа қабырғасы арқылы газ алмасу 


40
 
 
                                                                                          
жүреді. адам өкпесінде шамамен 700 млн альвеола бар. альвеоланың 
ішкі  бетіне  эпителий  жасушаларынан  түзілген  жұқа  қабыршық 
қапталған.  Осы  қабыршаққа  байланысты  көпіршіктер  қабысып 
қалмайды,  тұрақты  көлемі  сақталады.  Қабыршақ  микроорганизмдер-
ден  де  қорғайды,  содан  кейін  өзі  сіңіріледі  немесе  сыртқа  қақырық 
түрінде шығарылады.
Өкпедегі газ алмасу. адам құрамында 21% оттек, 79% азот, 0,03% 
көмірқышқыл  газы  бар  атмосфералық  ауамен  тыныс  алады.  Дем 
шығарғандағы  ауада  16%  оттек,  4.0%  көмірқышқыл  газы  және  79% 
азот болады. Дем алғандағы және дем шығарғандағы ауа құрамындағы 
оттек пен көмірқышқыл газының айырмашылығы өкпедегі газ алмасу 
нәтижесі  болып  табылады.  Өкпеде  газ  алмасу  диффузия  жолы-
мен  жүреді.  Өкпе  капиллярына  түскен  тамыр  қанында  оттек  аз, 
көмірқышқыл газы көп. сондықтан альвеола ауасындағы оттек қанға 
араласады,  ал  көмірқышқыл  газы  қаннан  өкпе  альвеоласына  түседі. 
Өкпедегі  газ  алмасуды  «сыртқы  тыныс  алу»  дейді.  Қандағы  оттек 
эритроциттерге өтеді де, гемоглобинмен берік емес байланысып, окси-
гемоглобин  түзеді.  тамыр  қаны  артерия  қанына  айналады  да,  өкпе 
тамыры  арқылы  жүрекке,  одан  қан  айналымының  үлкен  шеңберінің 
тамырларына түседі. көмірқышқыл газы альвеоладан ауа тасымалдай-
тын жол арқылы сыртқа шығарылады.
6-сурет. Өкпе құрылысы: 1 – оң жақ өкпенің төменгі бөлігі, 2 – оң жақ өкпенің 
ортаңғы бөлігі, 3 – оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігі, 4 – айыр без, 5 – кеңірдек
6 – қалқанша шеміршек, 7 – тіласты сүйегі, 8 – көмей сіңірі, 9 – жүзік тәрізді 
желбезек, 10 – париетальды өкпеқап, 11 – сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігі, 
12 – сол жақ өкпенің төменгі бөлігі, 13 – кішкене тіл, 14 – жүрек ойығы, 
15 – үлпершекпен жабылған жүрек


41
Ұлпалардағы  газ  алмасу.  Оттекте  қаныққан  күретамыр  қаны  қан 
айналымының  үлкен  шеңберімен  организмнің  барлық  ұлпаларына 
тасымалданады. Ұлпаларда оттек, оттек қоспасы жоғары қылтамырдан 
ұлпа  сұйықтығы  арқылы  жасушаларға  диффузияланады  да,  тотығу 
үдерісіне  қатысады.  көмірқышқыл  газы  ұлпа  жасушаларынан  қылта-
мырға ұлпа сұйықтығы арқылы диффузияланады. Ұлпадағы газ алма-
суды «ішкі тыныс алу» дейді.
күретамыр  қаны  тамыр  қанына  айналып,  қуыс  тамыр  арқылы 
жүрекке,  ары  қарай  қан  айналымының  кіші  шеңберіне  өтеді.  күні 
бойы  адам  пайдаланатын  оттек  пен  көмірқышқыл  газының  мөлшері 
дене  белсенділігіне  және  денсаулық  күйіне  байланысты  өзгеріп  оты-
рады. 
тыныс қозғалыстары. Өкпеде бұлшық ет ұлпалары жоқ, сондықтан 
олар өздігінен жиырыла алмайды. тыныс алу қозғалыстары, негізінен, 
қабырға  аралық  бұлшық  ет  пен  көк  еттің  жиырылуы  арқылы 
қамтамасыз етіледі. көк ет дегеніміз – кеуде қуысын құрсақ қуысынан 
бөлетін  күмбез  тәрізді  бұлшық  ет.  тыныс  алғанда,  қабырға  аралық 
бұлшық  еттер  жиырылып,  қабырғаларды  көтереді,  көк  ет  жайпақ 
болып,  құрсақ  қуысындағы  мүшелерге  қысым  түсіреді.  нәтижесінде, 
кеуде  қуысының  көлемі  артып,  өкпе  қап  қуысындағы  қысым 
төмендейді. Осы кезде өкпе кеңейіп, қысым азаяды да, атмосфералық 
ауа өкпеге барады. тыныс алу іске асырылады. тыныс алуға бронхы-
лар, кеңірдектің шеміршек аралық бұлшық еттері, омыртқа жотасының 
бұлшық еттері, иық белдерінің бұлшық еттері, т.б. қатысады.
тыныс  шығарғанда,  тыныс  алу  бұлшық  еттері  босаңсиды, 
қабырғалар басылады, көк ет көтеріліп, дөңес болып, кеуде қуысының 
көлемі  кішірейеді.  сонымен  қатар  өкпе  көлемі  де  кішірейіп,  ондағы 
қысым  жоғарылап,  атмосфералық  қысымнан  сәл  артып,  ауа  өкпеден 
шығарылады. Осылай тыныс шығарылады. тыныштық күйінде ересек 
адам минутына 16-18 тыныс алу қозғалыстарын жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет