Абжанова сокращенная indd



Pdf көрінісі
бет29/198
Дата10.04.2022
өлшемі5,39 Mb.
#30489
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   198
Байланысты:
1 (5)

 
 
                                                                                          
дан альвеолаға өтеді. бұл газдың физикалық қасиетіне байланысты – 
сО
2
 қанда тез еритін газ, оның диффузиялық қасиеті де оттегінікінен 
әлдеқандай жоғары. 
Қан  айналысының  үлкен  шеңберіндегі  капиллярлардағы  оттегі 
күре  тамыр  ұлпаға  ауысады,  өйткені  оттегінің  қандағы  кернеу  күші 
ұлпадағы кернеу күшінен сынап бағанасы бойынша 80 мм жоғары. 
көмірқышқыл  газдың  ұлпадағы  кернеу  күші  қандағыдан  20  мм 
жоғары, сондықтан да көмірқышқыл газ ұлпадан қанға ауысады. 
сонымен,  қандағы  газдардың  диффузия  арқылы  бір  жерден 
екінші  жерге  өтуі,  негізінде,  әрбір  газдың  мембрананың  екі  бетіндегі 
меншікті  қысымына,  мұндағы  айырмашылыққа  байланысты.  Оттегі 
т.б газдар, сөзсіз, қысымы жоғары жатқан қысымы төмен жаққа қарай 
ойысады.  мұнымен  бірге  газ  диффузиясына  басқа  да  факторлар  әсер 
етеді. Оларды газ алмасуына жалпы және арнайы әсер ететін фактор-
лар деп екі топқа бөлуге болады. жалпы әсер ететін факторлар:
1.  газ  атаулының  диффузиялық  қасиеті.  мәселен,  көмірқышқыл 
газдың  бұл  қасиеті  оттегінікінен  24  есе  жоғары.  сондықтан  көмір-
қышқыл газдың меншікті қысымы аз болса да, мембрана арқылы өте 
алады. 
2.  мембрананың өткізгіштік қасиеті. бұл қасиет неғұрлым жоғары 
болса, газ диффузиясы да шапшаң болады.
3.  минут  сайын  қанға  өтетін  газ  мөлшері  қан  айналысының 
жылдамдығына байланысты. 
4.  артерия  мен  ұлпа  арасындағы  көпіршелер  қан  айналысына 
қатысады  да,  капиллярдағы  қанның  ағысын,  оның  шапшаңдығын 
өзгертеді, демек, бұл да газ диффузиясына әсер етеді. 
Өкпедегі газ алмасуына арнайы әсер ететін факторлар: 
1.  Өкпедегі  ауаның  көлемі.  бір  минут  ішінде  өкпеге  кіріп-
шығатын ауаның көлемі өсіп, қан ағысына сәйкес келсе, өкпе мен қан 
арасындағы газ алмасуы шапшаңдайды. 
2.  Өкпе  капиллярындағы  қан  мен  альвеоладағы  ауаның  ортасын-
дағы  бөгет  эндотелий  мен  альвеола  эпителийінің  жұқалығы  (4  мкм), 
қандағы  газдармен  альвеоладағы  ауаның  өзара  жанасу  дәрежесі. 
егер  адамның  екі  өкпесіндегі  альвеолаларды  жазып  жіберсе,  олар 
100  м
2
  орын  алар  еді.  газдардың  осындай  ауа  арқылы  альвеолалар-
мен  беттесуі  нәтижесінде  диффузия  да  жеңілмейді.  ал  ауру  адамда 
өкпенің  газдармен  беттесу  көлемі  азайып  кетеді,  бұл  газ  алмасуына 
кедергі жасайды. 


45
3.  белгілі  бірұлпаның  оттегіне  мұқтаждығы.  мембрана  арқылы 
тек  еріген  газ  ғана  өте  алады,  оксигемоглобин  тез  ыдырап,  оттегі 
неғұрлым көп бөлінсе, оттегі ұлпа соғұрлым тез өтеді. Осы жағдайда 
ұлпа  оттегіне  неғұрлым  мұқтаж  болса,  ол  оттегін  соғұрлым  тез 
сіңіреді. 
Денеде  газ  алмасуы,  негізінен,  физикалық  заңға  бағынады,  бірақ 
оған  көптеген  биологиялық  үдерістерді  өзгерте  отырып,  физикалық 
үдерістерді де реттейді.
Оттегінің  қан  арқылы  тасымалдануы.  Оттегі  көбінесе  гемо-
глобинмен  қосылып,  оксигемоглобин  түрінде  тасымалданады. 
Қандағы  газдардың,  әсіресе  еріген  газдардың  жалпы  көлемі  олардың 
атмосферадағы  меншікті  қысымына  байланысты.  Оттегінің  меншікті 
қысымын  әдейі  жоғарылатса,  ол  қанда  көбейе  түседі.  ал  капил-
ляр  эндотелийінен  тек  еріген  газ  өтетіні  белгілі,  осыған  орай  оттегі 
ұлпада  де  көбірек  өтеді.  Оттегінің  бұл  қасиеті  медицинада  емдеу 
мақсатымен  кеңінен  қолданылады.  адам  оттегіне  толы  қысым  каме-
расына кіргізіледі де, оттегінің қандағы меншікті қысымы көбейтіледі. 
мұның  нәтижесінде  қанда  гемоглобин  оттегімен  әрекеттесіп, 
түгелдей оксигемоглобинге айналады, еріген оттегінің көлемі де арта 
түседі,  сөйтіп,  қан  әбден  оттегіне  қанығады.  гемоглобиннің  толық 
оксигемоглобинге  айналуы,  яғни  100мл  қандағы  оттегінің  мейлінше 
көбеюі қанның оттегіне қанығу сыйымдылығы деп саналады. әдетте, 
бір  литр  қанның  оттегіне  деген  сыйымдылығы  –  180-200  мл.  мұны 
қандағы  гемоглобин  мөлшеріне  қарап  есептеп  білуге  болады.  бір 
грамм гемоглобиннің 1,34 мл оттегімен әрекеттесетіні белгілі. Демек, 
бір  литр  қанда  140  г  гемоглобин  болса,  осы  санды  1,34-ке  көбейтіп, 
қанда қанша оттегі бар екенін анықтай аламыз.
Оттегі  күретамыр  қанынан  ұлпаға  түгелдей  өтпейді,  оның  біразы 
ғана  қанда  қалып  қояды.  Оттегінің  күретамыр  қанынан  ұлпаға  келіп 
сіңген  бөлігін  «оттегі  сіңіру  коэффициенті»  деп  атайды.  мұны  білу 
үшін,  күретамыр  қаныңдағы  айырмашылық  есептеп  шығарылады 
да,  бұл  күретамыр  қанының  оттегі  сыйымдылығына  бөлініп,  100-ге 
көбейтіледі. Осылай шығару арқылы оттегінің сыйымдылығы күрета-
мыыр қаныңда 200 мл\л-ге, күретамырда 120 мл\л-ге тең екені анық-
талды. Демек, оттегін сіңіру коэффициенті (200-120) : 200 * 100 = 40%. 
әдетте,  тыныш  отырған  адамда  ол  30-40%;  қара  жұмыс  істеп,  көп 
күш  жұмсаған  адамда  50-60%-ке  жетеді.  Ядролық  қару  –  ең  қуатты 
зақымдаушы  құрал,  ол  жарылу  арқылы  әсер  ететін  және  ядролық 
ыдырау кезінде бөлінетін энергияны пайдалануға негізделген.


46


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет