Абжанова сокращенная indd



Pdf көрінісі
бет32/198
Дата10.04.2022
өлшемі5,39 Mb.
#30489
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   198
7-сурет. Зәр шығару жүйесі. Бүйректің жарып көрсетілгендегі құрылысы: 
1 – қыртысты қабат; 2 – милы қабат; 3 – пирамидалар; 4 – бүйрек емізікшелері; 
5 – кіші тостағаншалар; 6 – бүйрек қақпасы; 7 – бүйрек астаушасы; 8 – несепағар
бүйрек  қызметінің  реттелуі.  бүйрек  ұлпаларының  рецепторлары-
нан  афференттік  жүйке  импульстері  мен  ондағы  қан  құрамындағы 


50
 
 
                                                                                          
өзгерістер  орталық  жүйке  жүйесіне,  гипоталамус  және  ми  қыртысы 
орталықтарына беріледі. ал эфференттік нерв импульстері нейрогипо-
физге беріліп, ондағы несептің түзілуін реттейтін вазопрессин гормо-
нын қанға шығарады. бұл гормон қан айналысы жолымен бүйрекүсті 
безіне барып, альдостерон гормонының өнімін арттырады.
адреналин  артерия  қан  тамырларын  тарылтып,  нефрондарда 
сүзілу қысымын өсіріп, несептің түзілуін жеделдетеді және тұздардың 
шығуын тездетеді.
жыныс гормондары бүйрек ішіндегі сүзу, кері сіңу құбылыстарына 
әсер ету арқылы судың және натрий тұзының мөлшерден тыс сыртқа 
шығып кетпеуін қадағалайды.
бүйректің  қызметін  реттеуге  соматотропин,  тироксин,  инсулин, 
серотонин, гистамин сияқты гормондардың қатысы бар деген болжам-
дар да баршылық, бірақ олардың әсер ету тетіктері әлі толық зерттел-
меген.
бала  бүйрегінің  қызмет  ерекшелігі.  нәрестенің  алғашқы  3-4 
күнінде  несеп  өте  аз  шығады,  ал  бір  аптадан  кейін  несеп  көбейеді. 
6  айда  бала  несебінің  мөлшері  екі  есе  артады.  тоғыз  айда  несептің 
құрамы тұрақтала бастайды. мысалы, несептің құрамындағы хлордың 
мөлшері  ересек  адамдардағыдай  болады,  бірақ  несепнәр  мөлшері 
аздау, өйткені бұл кезде баланың негізгі тамағы әлі де болса, басқа мал 
өнімдерінен жасалатын тамақтардың мөлшері аз болады. бір жастағы 
балалар бүйрегінің гломерулалық сүзілу деңгейі өте баяу жүреді, кері 
сүзілу  мен  нефрон  түтікшелерінде  заттардың  қосылысының  артуы, 
яғни қоюлануы жеткіліксіз. несептің мөлшері 700 мл ғана болады. 4-5 
жаста оның мөлшері 1000 мл-ге дейін көбейеді, ал 10 жаста тәулігіне 
1500 мл несеп сыртқа шығады.
Қуық.  Қуық  –  қуыс  мүше.  Оның  сырты  дәнекер  және  бұлшық  ет 
ұлпаларынан  тұрады.  сыйымдылығы  –  300-800  мл.  Қуықтың  несеп 
шығатын жерінде сақина тәрізді бұлшық еттері күшті сфинктер (грек. 
сфинктер  –  қысып  ұстайтын)  бар.  бұл  еттер  жиырылып,  қуықты 
аштырмай, несепті ұстап тұрады.
сфинктердің  ашылуы  еріксіз  рефлекторлы  түрде  болады. 
нөрестенің  қуығының  ішіне  несеп  жиналып,  оның  қысымы  су 
бағанымен  12-15  см-ге  дейін  көтерілгенде,  қуықтың  қабырғасындағы 
рецепторлар  тітіркенеді.  пайда  болған  қозу  импульстері  орталыққа 
тепкіш  нервтермен  жұлындағы  және  мидағы  орталықтарға  барады. 
Орталық  жүйке  жүйесінен  орталықтан  тепкіш  нервтері  арқылы  қозу 


51
қуыққа келеді де, қуықтың қабырғасындағы еттері жиырылады, сфин-
ктер еті босайды, содан соң қуық ашылады.
ересек балаларда несептің сыртқа шығуы ерікті рефлекс тәртібімен 
жүреді. Өйткені несеп шығару рефлексінің орталығы ми қыртысында 
да бар.
нәрестенің  қуық  еті,  әсіресе  оның  сфинктер  еті  жетілмеген, 
сондықтан  несеп  жиі  және  еріксіз  рефлекторлы  түрде  шығады. 
Олардың бүйрек түтікшелерінің эпителий клеткаларының зат өткізгіш 
қасиеті  жоғары  болғандықтан,  несеп  құрамында  лактоза,  аздаған 
(аз  мөлшерінде)  мөлшерде  белок,  несепнір,  фосфатты  және  хлорлы 
қосындылар болатыны байқалған. кейін бір жасқа жақындағанда, лак-
тоза мен белок мүлде болмайды, ал қалғандарының мөлшері азаяды.
бір  жаста  балалар  организміндегі  осмостық  қысым  мен  иондар 
алмасуының тетіктері толық жетіледі.
екі  жасқа  жақындағанда,  нефрондардың  сүзілуі  және  иірім 
жолдардағыкері  сүзілу  мен  секреция  деңгейлері  ересек  адамның 
көрсеткіштеріне жақын болады.
баланың  алғашқы  жылдарында  бүйректің  қызметін  реттейтін 
вазопрессин  мен  адреналин  гормондары  мөлшерінің  деңгейі 
төмендеу  болғандықтан,  бүйректің  кеуделік  ұлпалардың  және  қан 
тамырларының  қабырғасындағы  рецепторлардың  сезімталдығы  аз 
болады.  ал  альдостерон  гормоны  жөнінде  мұндай  мәліметтер  әлі 
белгісіз.
Терінің  құрылысы  мен  маңызы.  адам  терісі  үш  қабаттан  тұрады. 
сыртқы  қабаты  эпидермис,  ортаңғысы  дерма  және  ішкісі  гиподерма 
деп аталады. ең қалың сыртқы қабатының қалыңдығы – 1-2,5 мм. бұл 
қабатта  меланин  бояуы  өндіріледі.  сондықтан  терінің  түсі  өндіретін 
бояуға байланысты, егер ол аз өндірілсе, тері – ақшыл, көбірек болса – 
қоңырлау, ал тым көп болса, қара қоңыр болады.
Дерма қабатының клеткалары тығыз дәнекер ұлпадан тұрады. Онда 
қан  тамырларының  капиллярлары  және  нерв  ұштары  бар.  Дерманың 
бүршікті  қабатында  тер  өндіріледі,  ал  торлы  қабатындағы  дәнекер 
клеткалар  теріге  беріктік  қасиет  береді.  терінің  гиподерма  қабаты 
қорғаныс қызметін атқарады.
теріасты  клетчаткада  тері  бездері  орналасқан.  Олардың  өзегі  тері-
нің  сыртына  жіңішке  саңылау  түрінде  ашылады.  тер  бездері  алақан, 
маңдай, қолтық, мойын, арқа және шап терісінде көбірек болады.
теріде  май  өндіретін  май  бездері  болады.  Олар  алақан,  табан 
терісінен  басқа  жердің  бәрінде  бар.  май  бездерінің  өзектері  тері 


52
 
 
                                                                                          
түгінің  қапшығына  ашылады.  Олардың  өнімдері  терінің  түгін  және 
эпидермис  қабатын  майлап,  құрғап  қалудан  сақтайды.  май  бездері 
тәулігіне  20  г  тері  майын  шығарады.  майланған  теріден  су,  микроб-
тар өтпейді және микробтарды өлтіретін заттары теріні тазартып оты-
рады.
тер  және  терлеу  тетігі,  оның  жас  ерекшелігі.  тер  бездері  арқылы 
денеден  сыртқа  шығарылатын  судың  мөлшері  50%,  яғни  500-900  мл 
болады.  термен  бірге  несепнәр,  несеп  қышқылы,  креатинин,  гип-
пур  қышқылы,  хлорлы  натрий,  калий  және  фосфаттар  мен  сульфат-
тар  шығарылады.  тердің  үлес  салмағы  –  1,012-1,010.  терлеу  тәулік 
бойы  үнемі  үздіксіз  жүреді,  бірақ  сыртқы  ортаның  температурасы 
жоғарылағанда  және  ауыр  еңбекпен  шұғылданғанда,  шынықтыру 
жаттығулары  кезінде  тер  безінің  өзектері  кеңейеді  де,  тер  үздіксіз 
көп  шығады.  бұл  кезде  дененің  жылуды  өндіруі  тежеледі,  бүйрек 
капиллярларындағы қысым төмендейді де, несеп өндіру азаяды.
тер  бездерінің  реттелуі  симпатикалық  жүйке  жүйесімен  қамта-
масыз  етіледі.  симпатикалық  нерв  талшықтарының  теріге  келетін 
холинергиялық  ұштарынан  екі  түрлі  медиатор:  ацетилхолин  және 
адреналин  бөлінеді:  егер  ацетилхолин  бөлінсе  –  жылы  тер  ал  адре-
налин бөлінсе салқын тер шығады. салқын тер адам қатты абыржып, 
қиналғанда, жағымсыз эмоцияның әсері кезінде байқалады.
ересек адамның терісінен бала терісінің айырмашылығы бар. бала 
терісінің сыртқы эпидермис қабаты өте жұқа, терінің қан тамырлары 
кең және көрініп тұрады. терісі тегіс, қыртыссыз болады.
жаңа туған сәбидің терісі өте жұқа, қалыңдығы – 1,1 мм. бір жасқа 
дейін  тер  бездері  жылдам  дамиды.  Өсе  келе  коллагенді  талшықтар 
көбейеді,  ал  созылғыш  талшықтары  алты  жастан  кейін  пайда  бола 
бастайды.
бала терісінде май көбірек болады. әсіресе алғашқы тоғыз айда ол 
тез көбейеді. содан кейін бес жасқа дейін олардың көбеюі бәсеңдейді. 
ересек  адаммен  салыстырғанда,  майлы  клеткалар  жаңа  туған  сәбиде 
5% көбірек болады.
терінің  температурасы  нәрестелерде  жоғарырақ  және  тұрақсыз 
келеді.  ыстық  пен  суықтың  әсеріне  сәйкес,  тері  температурасының 
бейімделу өзгерісі үш-бес жастан бастап қалыптаса бастайды.
бала төрт жасқа дейін аз терлейді, өйткені тер бездерінің қызметін 
реттеуші  жүйке  орталығы  әлі  жетілмеген.  Оның  толық  жетілуі  бес-
алты жаста болады.


53
несеп мүшелері екі бүйректен, екі зәрағар түтіктен, қуықтан және 
зәр  шығаратын  үрпі  жолынан  құралады.  несеп жыныс  мүшелері 
физиологиялық  әртүрлі  екі  жүйеден,  яғни  несеп  және  жыныс 
мүшелерінен құралады. несеп мүшелері арқылы несепті (зәрді) сыртқа 
шығарады. жыныс мүшелері көбею қызметін атқарады.
бұл  екі  жүйенің  бірге  қарастырылуы  себебі  –  зәр  шығару 
мүшелерінің қызметі жыныстық қызметке де тікелей байланысты, яғни 
бір мүше екі түрлі қызмет атқара алады. несеп пен жыныс мүшелері 
орнығу  орындары  мен  құрылысы  жағынан  және  дамуы  жағынан 
бірігіп,  несеп-жыныс  жүйелі  мүшелерін  құрайды.  еркектердің  зәр 
шығаратын  және  шәует  шығаратын  түтіктері  бірігіп,  зәр  және  ұрық 
шығаратын ортақ түтік түзеді. ал әйелдерде бұл екі жүйенің түтіктері 
екі  бөлек  болғанмен  де,  қынаптың  кіреберісінде  ортақ  несеп-жыныс 
жүйелі мүшелері түрінде ашылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет