Абжанова сокращенная indd


Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы



Pdf көрінісі
бет98/198
Дата10.04.2022
өлшемі5,39 Mb.
#30489
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   198
Байланысты:
1 (5)

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы – жас ұрпақтың денсаулы-
ғын қорғау және нығайту туралы ғылым. Ол жалпы гигиенамен тығыз 
байланысты және өсіп келе жатқан ағза мен қоршаған ортаның өзара 
әсерін  зерттейді.  балалар  мен  жасөспірімдер  физиологиясы  және 
гигиенасы  психологиялық-педагогикалық  ғылымдар  негізін  құрап, 
балалардың  аурулар  мен  оларды  емдеу  туралы  ғылым  –  педиатрия-
мен тығыз байланысты. сонымен қатар физика, химия, метеорология 
сияқты ғылымдармен байланысып, осы ғылымдардың әдіс-тәсілдерін 
пайдаланады.
балалар  мен  жасөспірімдер  физиологиясы  эмбриология,  қалыпты 
физиология, геронтология, даму биологиясы, антропология, экология-
лық физиология сияқты ғылымдардың деректеріне сүйенсе, өзі валео-
логия ғылымының теориялық түп-негізін құрайды.
жасқа  байланысты  физиология  мен  мектеп  гигиенасы  бірнеше 
ғылыми зерттеу әдісін қолданады:
1)  бақылау – сыртқы ортаны танудағы негізгі әдістеме;
2)  табиғи тәжірибе – мақсаты мен қойылған міндеттеріне байланы-
сты зерттеуші табиғи жағдайдағы тәжірибені адам баласы үшін 
табиғи жағдайда қолданады.
3)  лабораториялық  тәжірибе  арнайы  жасалған  жағдайда  жүргі-
зіледі.  жағдайды  өзгерту  арқылы  зерттеуші  белгілі  бір  қызмет 
өзгерістерін  тудырады  да,  оның  сан  мен  сапалық  сипатын 
анықтайды.
лабораториялық тәжірибе әдістерінің түрі:
–  функциялық жүктеме немесе сынау әдісі;
–  эргометрия;
–  есепті шығару әдісі;
–  телеметрия;
–  антропометрия.
Физиологиялық  және  медициналық  әдістерді  пайдаланып,  мектеп 
гигиенасы түрлі жағдайлардың бала организміне әсерін анықтап, оған 
қолайлы жағдай тудыруды көздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет