Абсолютизм –жоғары үкімет билігі шексіз жеке-дара бір адамның қолында тұрған мемлекеттік басқарудың бір түрі. Автаркия



бет19/21
Дата12.09.2022
өлшемі54,35 Kb.
#38866
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
ГЛОССАРИЙ

Унитарлық мемлекет-саяси билік бір орталыққа бағынған,мемлекеттің ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейтін мемлекеттің түрі. Оның жер аумағы, конституциясы бір болады, мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ келеді. Мысалы, Греция, Италия, Қазақстан, Норвегия, Польша, Финляндия, Франция, Жапония және т.б.
-Ұ-
Ұлт –аумақтың ,тілдің,экономикалық өмірдің және ұлт мәдениеті мен тұрмыс ерекшеліктерінде көрінетін психикалық қалпының ортақтығын байланысты адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі.
Ұлтжандылық-Отанға,халқына,оның тарихы,тілі,мәдениетіне деген сүйіспеншілік,бойындағы күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау.Отан сүйгіштік,ұлтжандылық үлкен азаматтық,мәдениеттілігінің белгісі. Ол өз мүддесі мен елінің,халқының мүддесі бір, ортақ екенін сезінуге әкеледі.Сондықтан бұл сезім Отанның егемендігін,абыройын қорғауға шақырады. Оны ұлтшылдықпен шатастыруға болмайды.
Ұлттардың өзін өзі билеуі-ұлттардың өзінің мемлекеттік құрылысын өзі шешу принципі. Бұл мәселе алғашында Еуропада буржуазиялық-демократиялық революциялардың жеңуіне байланысты пайда болады. Ең бірінші бұл пікір 1776 жылы Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздігі туралы Хартиясында жарық көрді.
Ұлтшылдық-ұлттық жекешілікке,артықшылыққа,басқа ұлттарға сенбеушілікке және бір ұлтты екінші ұлтқа қарсы қоюға бағытталған саясат, идеология, психология және әлеуметтік тәжірибе.
-Ф-
Фашизм-реакциялық ,грессивтік күштердің террорлық диктатурасы.Ол 1919 жылы Италияда,содан кейін Германияда пайда болды.Оның ерекшеліктеріне жататындар:бір нәсілді екіншіден жоғары қою,мемлекетке барлық басшылықты беру,демократиялық құқықтар мен бостандықтарды басып –жаншуда шектен тыс күштеу әдіс-тәсілдерін пайдалану,қоғамдық және жеке өмірді жаппай бақылауға алу және т.с.с.
Федерация-белгілі бір тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп,одақтық жаңа мемлекетті құруы.Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттерінің арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі.Әрбір субъектінің өзінің жоғары билеу(заң шығарушы,атқарушы,сот)органдары болады.Бірақ олар орталық институттарға бағынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет