Абсолютизм –жоғары үкімет билігі шексіз жеке-дара бір адамның қолында тұрған мемлекеттік басқарудың бір түрі. Автаркия


Феминизм-қоғам өмірінің барлық салаларында еркектер мен әйелдердің теңдігі үшін күресетін қозғалыс. Фракция-



бет20/21
Дата12.09.2022
өлшемі54,35 Kb.
#38866
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
ГЛОССАРИЙ

Феминизм-қоғам өмірінің барлық салаларында еркектер мен әйелдердің теңдігі үшін күресетін қозғалыс.
Фракция-парламентте немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және т.б.өз партиясының саясатын ұйымшылдықпен өткізу үшін біріккен кейбір саяси партиялардың мүшелері ;партияның жалпы бағытымен келіспегендіктен өз алдына бөлек оқшауланған,өзіндік бағыты,құрылымы,тәртібі бар ,бірақ сол партияның қатарынан шықпаған саяси партия мүшелерінің бөлігі.
Фундаментализм-мұсылман елдеріндегі қоғамдық ойдың ислам діні негіздерін берік сақтау әрекеттері.
-Х-
Халықаралық қатынастар -халықтар, мемлекеттер,мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілетін саяси,экономикалық ,құқықтық , демократиялық ,әскери,мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтік,экономикалық,саяси күштер мен ұйымдардың өзара қатынастарының жиынтығы.
Халық майдандары-белгілі бір саяси мақсатқа жету үшін ұйымдасқан бұқара халықтың,саяси партиялар,кәсіподақтар және т.б. ұйымдардың қоғамдық –саяси қозғалысының бір түрі.Олар жалпыдемократиялық принциптердің негізінде құрылады және жұмыс істейді.Қатаң айқындалған түрі мен мүшелігі болмайды.Әдетте,алдына қойған мақсаты орындалған соң тарқайды.Олар осы ғасырдың 30 жылдарында фашизм мен реакцияға қарсы күрес барысында пайда болған және екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында зор рөл атқарады.
-Ц-
Центризм-саясатта оңшылдар мен солшылдардың арасында орталық қалыпты ұсынатын партиялық бағыт.
-Ш-
Шовинизм-ұлттық ерекшеліктерді дәріптейтін,бір ұлттың мүддесін басқа халықтардың мақсатына қарсы қоятын,ұлтаралық өшпенділікті қоздыратын ,ұлтшылдықтың шектен шыққан түрі.
-І-
Ішкі саясат -мемлекеттің өз ішіндегі әлеуметтік-саяси құрылысты сақтау немесе өзгерту мақсатындағы жүргізген саясаты.
-Э-
Эволюция -қоғамдық-саяси өмірде біртіндеп, баяу даму. Бұл теорияның негізін салған ағылшын ғалымы Чарльз Дарвин болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет