Абсолютті
Абсолютті
жұлдызды шама
жұлдызды шама
Орындағандар:
Құдайберген А,Муратбаева Г,
Мусаханова У, Медеу Ж, Мухтар А
Жұлдыздық шама – аспан шырақтарының
(жұлдыздар, планеталар, Күн, т.б.) сәулесінің Жер
бетінің жазықтығында (шырақтар сәулесіне
перпендикуляр орналасқан) жасайтын
жарықталынуының өлшемі; аспан шырағы
жалтырауының өлшемі.Жұлдыздық шама ұғымын
алғаш рет б.з.б. 2 ғасырда Гиппарх енгізген.
Гиппарх жай көзбен көрінетін жұлдыздардың бәрін
олардың жалтырауы бойынша (ең жарық
жұлдыздарды 1-шамаға, ал ең бәсеңдерін 6-шамаға
жатқызып) шартты түрде 6 Жұлдыздық шамаға
бөлген.
Жұлдыздық шама
Көрінерлік жұлдыздық
шама
Аспандағы жұлдыздардың жарық не бәсеңдеу екенін көрінерлік
жұлдыздық шама арқылы сан жағынан анықтайды. Көрінерлік
жұлдыздық шама жұлдыздың бетінің жарықталынуы туралы
мәліметтер бермейді. Себебі, жұлдыздың көрінерлік жұлдыздық
шамасы оның қашықтығына тәуелді: жарық алыс жұлдыз бәсеңдеу
жақын жұлдызға қарағанда көмескі болуы мүмкін. Жұлдыздардың
қайсысы жарығырақ екенін дұрыс анықтау үшін барлық
жұлдыздырды ойша бір қашықтыққа келтіріп, олардың
жарқырауын салыстыру керек. Астрономияда сондай стандарт
қашықтық ретінде 10 парсектегі қашықтық алынған.
Шырақ неғұрлым жарығырақболса, оның
Жұлдыздық шамасын өрнектейтін сан да
соғұрлым аз болады. Жұлдыздық
шамалардың мәндері оң да, теріс те болуы
мүмкін. Өлшеу әдістемесіне қарай
Жұлдыздық шама: визуалдық (тікелей көзбен
анықталатын) Жұлдыздық шама,
фотографиялық Жұлдыздық шама,
фотоэлектрлік Жұлдыздық шама және
радиометриялық Жұлдыздық шама болып
ажыратылады;
Жұлдыздық шама түрлері
Абсолюттік жұлдыздық шама дегеніміз 10 пк қашықтықта
болатын жұлдыздың көрінерлік жұлдыздық шамасы. Бақыланатын
спектрлік диапазонға байланысты абсолюттік жұлдыздық
шамаларда визуалды, фотовизуалды, фотографиялық т.б.б.
бөлінеді.
Жұлдыздық қашықтықта белгілі болған жағдайда абсолюттік
жұлдыздық шама М-ды есептеуге болады. Қашықтығы r пк
жұлдыздың көрінерлік жұлдыздық шамасы т абсолюттік
жұлдыздың шамасы М (10пк қашықтықта ойша келтіргенде)
болсын.
Абсолюттік жұлдыздық шама
Алдыңғы екі шамаға Погсон өрнегін қолданғанда,
төмендегідей өрнек шығады: 0,4(m-М)= lg
Бұл өрнектегі мен стандарт 10 пк қашықтықтағы және r
пкқашықтықтағы жұлдыздың жарықтылығы. Жарықтылық
қашықтықтың квадратына кері пропорционал, сондықтан:
lg = lg = 2lg-2
бұл нәтижені жоғарғы өрнектің сол жағына теңестіреміз:
0,4(m-М) = 2lg r-2
және абсолюттік жұлдыздық шама М-ды анықтаймыз:
M=m+5-5 lgr
ӨРНЕКТЕЛУІ
Назарларыңызға рахмет!!!
Достарыңызбен бөлісу: |