Жанама кернеу - толық кернеудің көлденең қима бетіне түcipiлгeн проекциясы, әрпімен белгіленеді.
Бойлық күш - сыртқы күштердің әсерінен созылған немесе сығылған брустың көлденең кез келген қимасындағы пайда болатын ішкі тік кернеулердің қорытынды шамасы.
Эпюр - бойлық күштің брус бойындағы өзгеру заңдылығынкескіндейтін график.
Бойлық салыстырмалы деформация - абсолюттік ұзару шамасының брустың бастапқы ұзындығына қатынасы
Ендік салыстырмалы деформация - қатынасымен анықталатын шама.
Біліктер- машиналардың айналдыру моменттерін (Ма) жеткізуге арналған стерженьдер.
Қиманың кез келген X, У өстеріне қарағандағыстатикалық моменттері- интегралдармен анықталатын геометриялық сипаттамалар; мұндағы: шексіз кіші аудан, х, у- шексіз кіші ауданның координаттары.
Центрлік өстер - ауырлық центрі арқылы өтетін өстер.
Өpicтік инерция моменті - берілген қиманыңполюсі деп аталатын, кез келген нүктеге қарағандағы интегралмен анықталатын геометриялық сипаттама. Мұндағы – полюстен кедейінгі ара қашықтық.
Центрден тепкіш инерция моменті - берілген қиманың кез келген өзара перпендикуляр X, У өстеріне қарағандағы интегралмен анықталатын геометриялық сипаттама.
Иілу- бойлық өс арқылы ететін жазықтықтарда (өс жазықтықтарында) жатқан көлденең күштер мен моменттердің (қос күштердің) әсерінен бруста пайда болған деформация.
Көлденең жазық иілу - июші күштер басты жазықтықтардың бірінде жатқандағы иілу.
Қиғаш иілу - сыртқы күштер бас жазықтықтардан басқа кез келген өс жазықтықтарында жатқандағы иілу.
Таза иілу - иілген арқалықтың көлденең қималарында ию моментеріненбасқа ішкі күштер жоқ болғандағы иілу.
Тіректер- дене сыртқы күш әсеріне қарсыласу үшін, басқа біp денеге бекітілгендегі байланыстар.
Байланыс реакциялары - тіректер мен денелердің өзара әcepi.
Бейтарап жазықтық - арқалықтың ұзындығы өзгеріссіз қалатын талшықтарының геометриялық орны.
Қиманың бейтарап сызығы - бейтарап жазықтықтың кез келген көлденең қимамен қиылысу сызығы.
Қауіпті қима - ию моменттерінің (абсолюттік шамасы) ең үлкені (макс) әсер етіп тұрған қима.