Абсорбция және реабсорбция. Зәрдің түзілуі


Бүйрек - үрмебұршақ пішінді жұп мүше



бет5/8
Дата31.03.2022
өлшемі0,7 Mb.
#29430
1   2   3   4   5   6   7   8

Бүйрек - үрмебұршақ пішінді жұп мүше.

  • Оның жоғары полюсінде эндокрин бездері орналасқан. Бүйрек үсті бездері мен бүйрек сыртынан май капсуласымен жабылған.Адам бүйрегінің массасы 150 грамм. Бүйрек ұлпасы сыртқы қоңырқай түсті қыртысты қабпаттан және ішкі бозғылт түсті ми затынан тұрады. Ыдырау өнімдерін шығарудың негізгі мүшесі - бүйрек. Ағзадан зат алмасу соңғы өнімдерінің 75%-ы бүйрек арқылы шығарады. Бүйрек құрсақ қуысында 1-2- бел омыртқаның екі жағында орналасқан. Ол үрмебұршақ пішінді қызғылт-қоңыр түсті. Оң жақтағы бүйрек сол жақтағы бүйректен сәл төменірек орналасады. Өйткені оң жақ бүйрекке үстіндегі бауырдың салмағы түседі. Бүйректің сыртқы жиегі дөңес, ішкі жиегі ойыс. Ойыс жағы омыртқа жотасына қарай бағытталған. Ойыс жағында бүйрек артерия тамырлары, бүйрек вена тамырлары, жүйке талшықтары мен несепағар жолдары болады. Бүйректің бұл жері бүйрек қақпасы деп аталады.
  • Бүйректің ішіндегі қуыс бүйрек астауы деп аталады.Бүйректе түзілген несеп жинағыш түтікшелер арқылы астауға келіп, одан зәрағар бойымен қуыққа жиналып,зәр шығару өзегі арқылы сыртқа шығады. Бүйректің ерекшелігі қанмен жақсы қамтамасыз етілуі: бүйрек арқылы тәулігіне 1500-1700 л қан ағады.Бұл дегеніміз - әрбір 5 минут сайын қан тамырлары арқылы айналатын барлық қан бүйрек арқылы өтеді деген сөз.Осы кезде организм ұлпаларында үнемі түзілетін, тіршілік әрекетінің зиянды заттары қаннан бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет