Несеп түзілу механизмі, бірінші реттік несептің түзілуі үрдісі абсорбция;
Несеп қан плазмасынан түзіледі. Алайда несептің құрамы қан плазмасы құрамынан едәуір ерекшеленеді. Демек, бүйректер арқылы өтетін қанның өзгеруі арқылы, несеп өңделеді. Осы үдеріс екі кезеңнен өтеді: әуелі бірінші реттік несеп, кейіннен екінші реттік, немесе соңғы несеп түзіледі. Несеп түзілу бірқатар физиологиялық механизмдер есебінен жүреді.
1 фаза – бірінші реттік несептің түзілуі (шумақтағы фильтрация )
қысым айырмасы нәтижесіндегі фильтрация, өйткені алып келуші тамырдың алып кетуші тамырға қарағанда диаметрі артық болады
бүйректерден тәулігіне 1500-1700 л қан өтеді, 150-170л бірінші реттік несеп түзіледі