Адам қаңқасының құрылысы Тірек-қимыл жүйесі



Дата04.03.2023
өлшемі1,38 Mb.
#71474
түріҚұрамы

Адам қаңқасының құрылысы


Тірек-қимыл жүйесі:

  1. Қаңқа сүйектері. Атқаратын қызметі: қан түзеді, тірек, қорғаныш.

  2. Қаңқа бұлшық еттері. Атқаратын қызметі: қимыл-қозғалыс, ішкі мүшелерді қорғау.



Адам қаңқасы:
Ересек адам қаңқасының құрамында 200-ден астам сүйек болады.Сүйектер бір-бірінен пішіні мен құрылысы бойынша ерекшеленеді.


Адам қаңқасының бөлімдері:

  1. Бас сүйек. 2ге бөлінеді: 1) Бет бөлігі.

2) Ми сауыты бөлігі: жұп сүйек, тақ сүйек.

  1. Тұлға. 2ге бөлінеді: 1) Омыртқа жотасы.

2) Кеуде қуысы.

  1. Қол-аяқ. 2ге бөлінеді: 1) Қол: иық белдеуі (қозғалмайтын бөлік), еркін қозғалатын бөлік.

2) Аяқ: жамбас белдеуі, аяқтың еркін қозғалатын бөлігі.

Жалпақ сүйектер: Ұзындығы мен жуандығы әртүрлі болады


• Жауырын, бас сүйек, төс, жамбас


Ж амбас белдеуі
Жамбас пен сегізкөз тұтасып жамбас қуысын құрайды.
Жамбас белдеуін құрайтын сүйектер:
1-мықын.
2-шат.
3-шонданай.
4-сегізкөз.


Түтік тәрізді сүйектер:
Түтік тәрізді сүйектер:
1. ұзын (тоқпан, сан, білек)
2. қысқа (саусақ сүйектері (фаланга).

Балаларда түтік тәрізді сүйектердің қуысы сүйектің қызыл кемігіне толы


болады.
Адамның жасы ұлғая келе сары (май ұлпасымен) кемікпен алмасады.
Бас сүйек:
Ми бөлімі:
жұп сүйектері: төбе және самай
тақ сүйектері: шүйде және маңдай

Бет бөлімі:


жұп сүйектері: бет және үстіңгі жақ
тақ сүйектері: астыңғы жақ


Кеуде қуысы:
Кеуде қуысы тұрады: 12 жұп қабырғадан
Барлық сүйектер жалпақ, жартылай қозғалмалы болып
байланысқан.
Қабырғалар омыртқа жотасымен буын арқылы байланысқан.




Омыртқа жотасы:
Омыртқа жотасы тұрады: 33–34 омыртқадан
5 бөлімге бөлінген:
• мойын (7 омыртқа);
• арқа (12 омыртқа);
• бел (5);
• сегізкөз (5);
• құйымшақ (4–5).
Омыртқалар аралас сүйектерге жатады. Олар
қозғалмалы байланысқан.
Қ ол сүйектері:
Қол сүйектері: жұп жауырын және жұп бұғана
Қолдың еркін қозғалатын сүйектері:
тоқпан жілік
білек (екі сүйектен тұрады: кәрі жілік сүйегі мен
шынтақ сүйегі)
қол басы сүйектері: білезік, алақан, саусақ
Аяқ сүйектері:
Аяқ сүйектері: жамбас белдеуі және аяқтың еркін қозғалатын сүйектері.
Жамбас белдеуі: екі жамбас сүйегі, олардың әрқайсысы бірігіп кеткен үш сүйектен (мықын, шонданай, қасаға (шат)) тұрады.
Аяқтың еркін қозғалатын сүйектері: ортан жілік, асықты жілік, шыбық, толарсақ, табан, бақай.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет