Адам аралық Қатынастар психолопіясы


Адам аралық қатынастар жөдінде жалпы түсіпік



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата11.01.2023
өлшемі95,4 Kb.
#61002
1   2   3   4   5
Байланысты:
stud.kz-67838

Адам аралық қатынастар жөдінде жалпы түсіпік.
Адам аралық қатынастардың ерекшелігі олардың эмодионалды
болуында. Адам өзі тектеснен араласа отырып, бір-біріне болған айрықша
сезімдер мен ықластарға кезігеді. Жеке аралық қатынастар, әдетте, субъектив
сипатта болып, әр адамның шын мәніндегі тұлғалық оң не теріс қасиеттеріне
сай келе бермейді. Олар әрқашан адамның көңіл-күйіне байланысты, бір
адамның екіншісіне деген сезім толғанысының ауысуымен өзгеріске келіп
тұрады. Көңіл-күйдің бір сәттік болуынан, жеке қатынастар құбылмалы
келеді: бүгінгі тәп-тәуір сыйлы қатынас күн өтпей-ақ кері сипатқа енуі
баршаға аян құбылыс.
Кызметтік қатынастар жеке қатынастарға қарағанда біршама тұрақты,
олар, әдетте, көңіл-күйге байланысты өзгере бермейді. Мұндай
қатынастардың әрбір тұлғаның көңіл-күйіне бағына бермейтіндігінен,
оларды ресми қатынастар деп те атайды, яғни мұндай өзара байланыстар
қатынасқа түскен адамдардың әрқайсысының жеке ерекшеліктері мен
психологиялық кейпіне тәуелді болмауы қажет.
Бірақ өмірде жеке және қызметтік қатынастар өзара кіріге
байланысқан, сондықтан оларды нақты айырып, таза күйінде қарастыру
мүмкін емес. Біріншіден, әр адам өзінің даралығымен кызметтік
қатынастарға әрқашан ерекше мән мен сән беріп отырады; екіншіден,
әрқандай тұлға нақты қатынастарға өзінің жеке ниет, ой, толғаныс және
сезімдерімен кіріседі, ал бұлардың бәрі адамның басқалармен, болған
қызметтік қатынасына әсерін тигізбей қоймайды.
Қарама-қарсылықты қатынастар негізінде толық үйлесім
болмағанымен, оған қатысқан адамдар бір бірінің әрекеті мен ниетін
түгелдей шектемейді. Бірде келіссе, бірде қарсы тұрын, алға қойған мақсатқа
жетуі жолында қажетті қатынасын үзбейді. Қатынас түгелдей елемеу мен
дау-дамайға бармайды.
Кейде екі адам бір ортада бола тұрып, бір-біріне деген ыстық та, суық
та шырай сезінбейді, яғни өзара қатынас жасауға ешқандай қажеттілікті


таппайды, мұндайда олар арасындағы қатынас бейтараптық сипат алады.
Қоғамдық-әлеуметтік жағдайларға байланысты бір ортаға түсіп қалған
адамдардың бірі екіншісінен өзін алшақ ұстау қажеттігі де туындап қалады.
Мұндай кезде адамдар бір біріне тікелей жек көруигілік танытып, арадағы
мәселе бойынша ешбір келісім мүнкіндігін таба алмайды да, іздемейді де.
Мұның бәрі ортадағы жанжалды қатынастың ушығуынан.
Адамдар арасындағы және бір ерекіне қатынастар түрі бұл екі ұшты,
амбивалептті қатынастар. Мұндай ара байланыстың себебі бір адамдағы
екішніге деген өзара тікелей қарсы екі бірдей эмоцияның: жек көрушіліқ пен
құрметтің қосарлана жүруі. Осыдан мұндай қатынастағы адамдар өздерінің
көңіл төркінінде жатқан ниеттерінің пендей жағдайда екенін айырып
алуында біраз қиналады.
Адамдар қажетсінулерінің арасында өз мәні бойынша ізгі адамгершілік
сипатты байланыстар да болады. Мұндайды психологияда альтруистік
қатынас дел атайды. Альтруис-. адамдардың барша ойы, іс-әрекеті әрдайым
тек жақсылыққа қай жағдайда да жәрдем етуте бағышталады.
Адамдар арасындағы үйлесімді қатынастар өмірде сирек елдеседі,
сондықтан мұндай қатынастарды адамдардын мәнгі арман еткен мұраты
регінде қарастырған жөн. Бұл қатынастар типіне тұрмыста кезігетін
"сүйіспеншілік" қатынасты жатқызуға болады. Егер бір адамның екіншісіне
психологиялық тартымы болса, бірін-бірі адамгершілік сезіммен
қабылдаса, екінші адамға колынан келген жақсылығын аямаса, міне
мұндай қатынасты-үйлесімді қатынас деп бағалау әбден жарасымды.
Ал осы төңірегіндегілермен болған өз қатынасының сипатын адам өзі
сезе ала ма, не сезбей ме? Бұл сұраққа жауап бірнеше жағдайларға тіреледі.
Біріншіден, бұл нақты адамның ой-өріс (сана-сезімі) даму деңгейіне
байланысты. Ақыл-есі біршама жетілтен адамдар өздерінің
төңірегіндегілермен қатынасын жақсы түсініп, дұрыс қабылдайды. Адам
аралық қатынастарды орынды сезіну және бағалау жоғары дамыған
рефлекстік қабілетті керек етеді (қоршаған ортадан келіп түскен ақпараттық


сигналдарды жан-жақты мәндік байланысымен қабылдап, жауап бере алу).
Адамдар арасындағы қатынстар сол қатынастардың нақты адам
өміріндегі маңызына қарай да бағаланады. Қарым-қатынас адам үшін
неғұрлым маңызды болса, оның бағалануында соғүрлым дәлсіздіктер
жіберілуі мүмкін. Өзінің төңірегіндегілермен байланысына аса үлкен мән
берген адамдар, арақатынастарының ұнамды тараптарын асыра мақтауға
бейім келеді. Керісінше, кімде кіммен ұнамсыз қатынаста болса, адам
ондайда қарсыласын түбін түсіре жамандауға ниеттенеді де тұрады.
Адамдар арасындағы қатынастар олардың жеке мінез-құлығына да
байланысты. Әрдайым ұтымды арақатынастардың орнығуына адамдағы
қайырымдылық, ақ көңілдік, үйіршеңдік, достық пен ұжымшылдық
қасиеттер пайдалы. Ал сенімсіздік, күмәншілдік, өпшенділік, тұйықтық пен
өзімшіл-дік - қалыпты қатынастар орнығуына кері әсерін тигізеді.
Ой-өрісі кең дамыған, тәжірибесі бар адамдар өз қатынастарын меңгере
алады, бірақ бұл көптін қолынан келе бермейтін іс, себебі көп жағдайда
аралық қатынастардың мәнін соларды түзуші адамдардың өздері де түсіне
бермейді, ал түсінбеген затты саналы басқару мүмкін емес.
Жас ұлғайған сайын қатынастар тек тұрақталып қана қоймастан,
адамның оларды басқару қабілеті де артады. Мұндайда адамға жәрдемге
келетін оның даралық ерекшеліктеріне қосымша өмірлік тәжірибесі.
Әрқашан адам аралық қатынастарды жеңіл де ұтымды реттейтін - адамдар
арасында кәсіби қызмет бабымен жұмыс жүргізетін, сендіре әңгіме айта
білетін, әлеуметтік жетекшілікке ыңғайлы мамандар болады, мысалы:
саясаткер, мекеме және өндіріс басшылары, мұғалімдер, дәрігерлер мен
актерлер. Адам аралық қатынастарға ықпал жасай білу қабілетін қатынастар
психологиясын үздіксіз үйрену арқылы жетілдіре, дамытып баруға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет