Тақырыбы: Достық үні Тәрбие сағатының мақсаты



Дата09.06.2023
өлшемі17,22 Kb.
#99948
Байланысты:
Тәрбие сағаты Сағадаттыкі (1)


Тәрбие сағаты
Сыныбы:
Тақырыбы: Достық үні
Тәрбие сағатының мақсаты:
1. Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту.
2. Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету.
3. Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.
Көрнекілігі: пазл құрастыру, дос туралы мақал-мәтелдер, интерактивті тақта.
Өткізу әдісі: Ашық тәрбие сағаты.
Сабақтың тәсілі: жалпы сыныппен, топпен, жеке оқушымен жұмыс.
Сабақтың барысы:
Сәлеметсіздерме құрметті оқушылар, ұстаздар. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы <Достық үні> деп аталады. Жалпы дос дегеніміз не, қалай дос болу керек екені бәрімізге белгілі, бірақ та кейбіреулер, шындығында дос деген сөздің мәніне жетпейді.


  1. Дос деген кім?

Сыр бөлісетін адам
Мені өте жақсы түсінетін адам
Көмекке әрдайым дайын адам
Қандай жағдай болмасын бірге болатын адам
Сенімді адам.


  1. Достық дегенді қалай түсінеміз:

-Ал енді достықты бір нәрсеге теңеп көрейікші. Теңеген затымыздың суретін салайық. Сосын сол бойынша түсіндірейік. Мысалы: Достық – адамдар арасындағы байланыс.

  1. Дос қандай болуы керек? (оқушылар тақтаға өз ойларын жазады). Жақсы дос пен жаман достың айырмашылығы қандай?



  1. Топпен жұмыс жасау арқылы пазл құрастырамыз. Құрастырылған пазлдағы суретте дос ұғымын сипаттайтын сөздер жазылған: Адамгершілік, Сыйластық, Жолдастық. Осы сөздерден топпен бірге бірнеше сөз құрау.



  1. Қағазға өз қолдарын салып, жанында отырған парталастарына сипаттама беру(есімі, ұнататын пәні, қызығушылығы, сүйікті түсі, мінезі туралы)


6. Мақалды жалғастыр
1. «Кемшіліксіз.... іздеген адам.... қалады».
2. «Дұшпан.... айтады, дос.... айтады».
3. «Жаңылмайтын... жоқ, сүрінбейтін тұяқ.......».
4. «.... жаңасы жақсы,... көнесі жақсы.».
5. «.......... ақшаң болғанша, көп досың...».
6. «Досы көппен...., Досы жоқпен...».
7. «Досы..., өзі де жақсы».
8. «.... басқа қарайды, ... аяққа қарайды».
9. «Ақылсыз.... ақылды дұшпан....».
10. « Досың мың...., ... біреу болса да көп».
11. «... адам тамыры жоқ... тең»
12. «... дос болсаң, Сасқанда ақылың айтар. ... дос болсаң, Топ ішінде бетің қайтар».

Жауаптары:


1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».
2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.
3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».
4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».
5. « Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын».
6. «Досы жоқпен сырлас, Досы көппен сыйлас».
7. «Досы жақсының - өзі де жақсы».
8. «Дос басқа қарайды, Дұшпан аяққа қарайды».
9. «Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық».
10. «Досың мың болса да - аз, Дұшпаның біреу болса да - көп».
11. «Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең»
12. «Білімдімен дос болсаң, Сасқанда ақылың айтар.
Білімсізбен дос болсаң, Топ ішінде бетіңді қайтарар».

Қорытынды:
-Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.
-Досыңды алдамай, оған адал бол.
-Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.
-Досыңның кемшілігін кешіре біл. Кемшіліксіз дос болмайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет