Адам қатынастары мектептерінің дамуына баға беріңіз. Адам қатынастары» мектептері. 1930 жылдар аяғында «ғылыми басқару»


В.А.Лабунская ұсынған адам көзқарасының мимикалық ерекшелігін көрсетіңіз



бет10/39
Дата25.05.2023
өлшемі147,4 Kb.
#96912
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39
Байланысты:
Баскару шпор (2)

В.А.Лабунская ұсынған адам көзқарасының мимикалық ерекшелігін көрсетіңіз. В.А. Лабунская психология тұрғысынан вербалдық емес қарым-қатынасты – ақпарат берудің негізгі құралы ретінде пайдалану, әрекеттестікті ұйымдастыру, бейнені, серіктес туралы түсінікті қалыптастыру, басқа адамға вербалдық емес құралдардың әсер ету жүзеге асырылуы тән қарым-қатынас түрі ретінде анықтайды.Вербалдық емес қарым-қатынасты зерттеудің ежелгі бағыты – ол адамның сөйлеу мінез-құлқымен байланысты зерттеу. Ол шешендік өнер жөніндегі трактаттардан бастау алады және паралингвистка, экстралингвистика, психосемиотика, социолингвистика және т.б. салаларда көрсетілген. Заманауи вербалдық емес қарым-қатынас психологиясы пәнаралық ғылым ретінде қалыптастырылады. В.А.Лабунская атап көрсеткендей, вербалдық емес қарым-қатынас түсінігі, құбылыстардың кең аясын біріктіретін және адамның дене қозғалысымен қатар, еңбек, тұрмыс, киім, косметика, қоршаған орта, архитектура, балет, музыка, сурет өнері, яғни сөз еместің барлығынан тұратын вербалдық емес (ауызша сөздік емес) түсініктермен түйіндес. Вербалдық емес тіл кеңістік-уақыттық тұтастықты білдіретін, континуальды, еріксіз, ықтималдық, нақтылы, табиғи, бастапқы, жартышарлық, басым дәрежеде аффективтік, интуициялық, түйсіксіз жасалған, мақсатсыз, абайсыз болуы арқылы вербалдық тілден өзгешеленеді. Вербалдық емес тілге код беру және кодты шешу күрделі, көбінесе, көзбен шолу құбылысы, ал вербалдық – вокалдық-дыбыстық құбылыс болып табылады. Вербалдық емес коммуникациялар – бұл барынша дәл мәндер шеңберіне ие және лингвистикалық таңбалар жүйесі ретінде сипатталатын, жеке тұлғаның психологиялық және әлеуметтік-психологиялық сапаларынан тәуелсіз және қандай да бір дәрежеде шеттетілген, хабарды барынша дәл дәрежеде жеткізуге үшін қолданылатын вербалдық емес символдар, белгілер, кодтар жүйесі. В.А. Лабунская вербалдық емес мінез-құлықтың әрбір құрылымы мен құрылымдық топтары ақпараттық, реттеуші, аффективтік қызметтерді атқаратынын атап көрсеткен. Вербалды емес мінез-құлық ретінде индивидтің онтогенез процесі барысында, бірқатар факторлардың: мәдени орта, гендерлік сипатта, жас ерекшелік параметрлері мен т.б. ықпал етуімен қалыптастырылған және меңгерілген вербалдық емес құралдар жиынтығы мен сипатын түсінеміз. Вербалдық емес қарым-қатынастар ретінде тұлға аралық өзара әрекеттер барысында вербалдық емес құралдардың қолданылуын түсінеміз. Осы тұрғыда бізге В.А.Лабунскаяның ұстанымы, соның ішінде, оның вербалдық емес мінез-құлық пен қарым-қатынас –өзара тәуелді және өзара шартты ауыспалылар деген тұжырымы жақын. Вербалдық емес мінез-құлықтың кинесикалық құрылымы қарым-қатынасты өзіндік «ұйымдастырушысы» болады. Тұрған тұрыс, бастың бұрылуы, ымдардың қарқындылығы, мимиканың мәнерлілігі, көздердің байланысы серіктестердің бір біріне қатысы бойынша қарым-қатынас дистанциясы, бағдарды, мақсаттылығын анықтайды. Өз кезегінде, қарым-қатынастың проксемиялық сипаттамасы, серіктестердің вербальдық емес мінез-құлық бағдарламаларына әсер етеді. Вербалдық емес интеракциялар, қабылдау объектісі ретінде, серіктестердің түрлі кинесика элементтерінің (ым, мимика, көз тастау, тұрған тұрыс, жанасу, жүріс) және қарым-қатынас кеңістігінің әрекетестігін білдіреді: дистанция, бағдарлау, дербес кеңістік, серіктестердің орналасуы. В.А.Лабунская көрсеткендей, қарым-қатынас арақашықтығын таңдауға коммуниканттардың әлеуметтік беделі, ұлттық-этникалық белгілері, жынысы, жасы, серіктестерінің өзара қатынастарының сипаты, экстраверттілігі-интраверттілігі және басқалар әсер етеді. Проксемиялық арақашықтықты таңдауға өзара қатынастар сипаты әсер етуінің мысалы ретінде халықаралық ғылыми конференциялар, жиналыстар, конгресстер жүргізу кезінде елдер арасындағы өзара қарым-қатынастар сипаты ескеріліп, осыған сай сол ел өкілдерінің орындары анықталуын келтіруге болады. Сонымен, мәселен, мұндай қарым-қатынас түрлерін ұйымдастырушылар Израиль мен араб мемлекеттері, Армения мен Әзірбайжан және т.б. елдер сияқты бір біріне оппозициялық көзқарасты ұстанған елдердің өкілдері арақашықтығын барынша алшақтатуға тырысады. Вербалды емес коммуникативті техникалар дегеніміз - өзара әрекет етудің кеңістік пен уақыт көрсеткіштерін қолайлы басқару тәсілдері. Хабарды ым-ишара, қимыл-қозғалыс және денені ұстау арқылы жеткізу. Вербалды емес қарым-қатынас құралдарының көп болғанына қарамастан кинесикалық, тактикалық және праксемикалық құралдар аса үлкен орын алады. Адамның көзі ым-ишара бұлшық еттерінің жұмысымен тығыз бірлікте қызмет етеді. Адам көз қарашығының мөлшерін, көздің маңайындағы бұлшықеттердің жұмысын басқара алмайды. Қарым-қатынас серігінің шынайы сезімдері мен ой-толғаныстары жайлы маңызды хабарлардың бұлағы көз болып табылады. Мысалы, егер де серіктес әңгімелесушінің көзімен әңгіменің үштен бір бөлігінен аз уақыт байланыс жасаса, онда ол қандай да бір хабарды жасырғысы келетіні немесе өзін кінәлі сезінетіні немесе ұят, сенімсіздік білдіретіні анықталды. Бейтаныс адамның көзбен байланысының ұзақтығынан оның әлеуметтік статусын анықтауға болады. Жоғары әлеуметтік сатыда тұрған адамдар (басқарушы, көшбасшы) қарым-қатынас серігіне ұзақ уақыт қарайтыны дәлелденген. Сезімдердің, көңіл-күйлердің көптеген көріністері адамның қимыл-қозғалыстарынан анықталады. Қимыл-қозғалыс «алфавитін», «грамматикасын» білу адамды кітап сияқты оқуға мүмкіндік береді. Мұндай мүмкіндік қимыл-қозғалыстар, ым-ишараларға қарағанда аз мөлшерде сапалы түрде бақылауға алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет