Адам қатынастары мектептерінің дамуына баға беріңіз. Адам қатынастары» мектептері. 1930 жылдар аяғында «ғылыми басқару»


Басқару психологиясы пәнінің мақсаты мен міндеттерін және ғылымдағы орнын сипаттап көрсетіңіз



бет6/39
Дата25.05.2023
өлшемі147,4 Kb.
#96912
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Басқару психологиясы пәнінің мақсаты мен міндеттерін және ғылымдағы орнын сипаттап көрсетіңіз.Басқарудың бастапқы нүктесі ұйымдастырушылық мақсттардың айқындалуы болып табылады. Мақсат – бұл топқа біріктірілген, қызметкерлердің ортақ күштері арқылы қол жеткізілетін нақты жай-күй немесе нәтиже.БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫ - бұл басқарудың кешенді ғылымының бөлігіБАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ МАҚСАТЫ - ұйымдастырушылық жүйелердің тиімділігін және тіршілік ету сапасын арттыру жолын әзірлеу. БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ПӘНІ - басшылардың (менеджерлердің) негізгі функцияларды орындау барысында жүзеге асырылатын қызметі. БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ – адам, топтың және жалпы ұйым қызметінің психологиялық аспекттерін әзірлеу.Басқару психологиясының объектісін қызметі корпоративті пайдалы мақсаттарға бағытталған, қаржылық және заңдық тұрғыда дербес ұйымдарға кіретін адамдар құрайды.Бұл құбылыстың күрделілігі басқару психологиясяняң көп қыры болғандығымен және алуан-түрлі түсіктеме беретін ғылыми жұмыстардың болғандығымен түсінідіріледі. Психологтар В.Ф. Рубахин және А.В. Филиппов басқару психологиясының пәніне төмендегілерді жатқызады:басқарушылық қызметтің функционалды-құрылымдық анализі;өндірістік және басқарушылық ұжымдардың және олардың ішіндегі адамдардың өзара қарым-қатынастардың әлеуметтік-психологиялық анализі;басшы мен қол асытндағы қызметкерлер арасындағы қарым-қатынастардың психологиялық проблемалары және басқалар.Жалпылай келе, менеджмент психологиясының пәні – бұл ұйымдағы психикалық құбылыстар мен қатынастардың жиынтығы деп қорытындылауға болады, атап айтқанда: менеджерлердің тиімді қызметінің психологиялық факторлары; жеке және топық шешімдерді қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері. көшбасшылықтың психологиялық проблемалары; басқарушылық қатынастар субъектілерінің әрекеттік актілердің мотивация проблемалары.
Басқару психологиясына байланысты Т.У.Тейлор мен А.Файольдың еңбектерін айтып беріңіз.Шет елдік еңбек психологиясының келіп шығуы Ф.Тейлордың есімімен байланысты. Ол алғаш рет өндіріс жағдайларындағы адамдарды басқару мәселесін ғылыми негізге қойды.Тейлор системасы – шет елдерде ХIХ – ХХ ғ-да пайда болған өндірісті басқару және еңбекті ұйымдастыру жүйесі.Тейлор жүйесінің міндеттері -« кәсіпкердің ең жоғарғы табысын әрбір жұмысшының ең жоғары тұрмыс жағдайы мен ұштастыруды қамтамасыз ету.Тейлор жүйесінің негізгі принциптері:қорытындылау және жіктеу (жұмысшылардың дағдылары мен икемдерін);әрбір жұмысшының тұлғалық қсиеттерін барынша тиімді пайдалану;жұмысшылармен әкімшілік әріптестік;салыстырмалы түрде еңбекті дұрыс бөлу және жұмысшылар мен басшылардың арасындағы жауапкершілік.Өнеркәсіптің буырқанған дамуы классикалық мектептің ғылыми көзқарастарының ары қарайғы эволюциясының Ұйым туралы ғылым теориясында маңызды орын алатын – Анри Файоль.Тейлордың ойларын ары қарай дамытқан “ғылыми менеджменттің әкесі” болып саналатын француз инженері.Ол алғашқы болып менеждменттің толық теориясын жасаған және оның функцияларын,принциптерін анықтады,басқарудың жоғары деңгейде теориясын дамытты. Файольдың ұстанымы басқаруды төменгі сатыдан бастап әкімшілік деңгейді,басқаруды ұдайы жетілдірумен әкімшілік қызметті ұйымдастыру принциптерімен жан-жақты қамту болды. Анри Файоль менеджменттің 5 функциясын анықтады: 1.Болжау 2.Ұымдастыру 3.Тәртіп 4.Үйлестік 5.Бақылау. Файоль бойынша басқару негіздері: 1.Еңбек бөлу 2.Міндет және жауапкершілік 3.Тәртіп 4.Біртұтастық 5.Бағыттардың біртұтастығы 6.Жеке қызығушылықтардың жалпыға бағынуы 7. Қызметшілерді мадақтау 8.Орталықтандыру 9.Сатылы лауазым 10.Тәртіп 11.Әділеттік 12.Қызметшілер үшін жұмыс орнының қалыптылығы 13.Бастама.Ол ұйымға күш және энергия береді 14.Күштің бірлігі.1888 жылы ол банкротта тұрған компанияны жетекшілік етуге алды және отыз жыл уақытта оны Францияның ең озат кәсіпорындары қатарына қосты,өзінің көп жылғы бағалауын жалпылай келе Файоль “әкімшілік теориясн” құрды.Оның бұл тақырып бойынша алғашқы мақаласы 1900жылы шықты,ал “Жалпы және өнеркәсіптік басқару” кітабы 1916 жылы жарық көрді.Атақ,танымдылық,байлық –осының барлығы – Анри Файольда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет