Адам болмысының категориялары : бақыт, сенім, өмір және тағдыр, өлім және ажал XIX ғасырдың соңында «өмір философиясы»


Өмір - адамның ең жоғарғы құндылығы



бет2/5
Дата05.09.2023
өлшемі67,66 Kb.
#106108
1   2   3   4   5
Өмір - адамның ең жоғарғы құндылығы. Адам өмірді саналы түрде сүреді, алдына белгілі бір мақсат қояды және сол үшін ұмтылады. Басқаша айтқанда, ол өмірге ерекше мән береді. Өмірдің жалпы мағынасын өмірдің табиғи заңдылықтарынан (натуралистік көзқарас) немесе өмірден тыс жатқан абсолютті құндылықтардан (авторитарлық тәсіл) анықтауға болады.
«Өмір» ұғымының өзі өртүрлі тұрғыда талдауға, түсіндіруге болатын көпмағыналы жөне белгісіздікке толы философиялық категория. Оны:


-биологиялық (Ницше, Клагес);

- космологиялық (Бергсон); 

- мөдени – тарихи (Дильтей, Зиммель, Шпенглер) тұрғыда да түсіндіруге болады.

Фридрих Ницшенің (1844-1900) волюнтаризмінде алғашқы өмірлік шынайылық «билікке деген ерік»формасында көрінеді. Волюнтаризм – (лат. Voluntas – ерік - жігер) – ерікті болмыстың ең жоғарғы принципі ретінде қарастыратын философиядағы идеалистік бағыт. Рационализмге қарсы бағытты ұстанады.
Өмір жеке адам үшін жалғыз шынайылық.Философиялық шығармалары:«Уақытылы емес ой-толғамдар», «Тарихтың өмір үшін пайдасы мен зияны», «Адами, тым адами», «Ізгілік пен зұлымдықтың ту сыртында», «Ар-ұждан шежіресіне байланысты», «Антихрист», «Музыка рухынан трагедияның туындауы», «Заратуштра осылай деген», «Билікке ұмтылған ерік», «Жақсылық пен жамандық сыры» т.б.
Философиялық көзқарастары: Ницшенің пікірінше, өркениет (цивилизация) пен мөдениетте құлдырау процесі басталды. Бұған кінәлі тек буржуазиялық қоғам ғана емес, жалпы қоғамтану ілімінің қоғамда болып жатқан құбылыстарды дұрыс түсіндіре алмауы–басты себептердің бірі. Осы тұрғыда, Ницше өз концепциясының негізі етіп, Дарвиннің «Өмір дегеніміз –күрес» заңын алды. Бұл идеяны өрі қарай дамыта отырып, Ницше: «өмір дегеніміз –күрес арқылы билікке ұмтылу» деген тұжырым жасады. Осы концепция негізінде ол жоғарғы дәрежедегі биологиялық тип –«аса күшті адам» идеалын қалыптастыру керектігін дәлелдеуге тырысты. Оның ойынша, өмірдің қиыншылықтарына, тоқпақтарына қарсы тұра алатындай «аса күшті адамдар» басқалардың тәрбиесімен немесе өзін-өзі төрбиелеу арқылы емес, өзінде туғаннан бар өмірлік күштің арқасында қалыптасады. Тек осындай «аса күшті адамдар» ғана өмір сүруге немесе билікке ұмтылуға құқықты.
Оларды тобырлардан (қарапайым адамдардан) ерекшелендіретін қасиеттер: алғырлық, жан-жақты дамыған әдемілік жөне билікке ұмтылдыратын өмірлік күш пен жоғары дәрежелі ерік. Билікке жету, өз мақсат-мүдделерін жүзеге асыру үшін, олар қоғамдағы кездесетін алдамшылыққа, қиыншылыққа, өзіне бағытталған қастандыққа қарсы қажымас күрес жүргізулері керек. Осы тұрғыдан Ницше «құлдық мораль» негізінде қалыптасқан дінді де, жалған» моральді уағыздайтын буржуазияны да, барлық игілікті жөне құндылықтарды құртатын тобырды да сынға алып, жалпы адамзаттың мақсаты қоғамның ұлы адамдары –«аса күшті адамдарды» дүниеге келтіру болып табылатыны жайлы тұжырым жасайды. 
Ницшенің «аса күшті адам» туралы ілімінің философиялық негізі төмендегідей идеяларға саяды. Барлық өмір сүретін денелер мен құбылыстар, соның ішінде адам танымы да, билікке ұмтылған жігердің түрлері ғана. Абсолюттік болмыс жоқ. Болмыс дегеніміз–бұрын болған, сансыз қайталанған құбылыстардың «мәңгілік айналымда» болып, қалыптасуы. Осы тұрғыдан Ницше Гегельдің абсолюттік идеясын, таза ақыл-ойын сынға алып, адамның иррационалдық қасиеттеріне зор көңіл бөледі. Олар инстинкт пен жігер. Себебі, ол –әрі өмбебап жалпылық, абсолют, әрі барлық денелердің түпнегізі. Демек, материалдық денелердің өмір сүруі осы түпнегіз бен абсолют жігерінің арқасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет