Өмірдің мәні – қазақ философиясының негізгі категориясы.
Қорқыт дүниетанымындағы мәңгілік өмір мәселесі.
Өмірдің соңы – өлім. Ол дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Адам өз өмірінің қашан аяқталатынын білмейтіні Жаратқанның оған жасаған үлкен сыйы. Егер адам алдын ала қашан өлетінін болжап, ертеден бастап біліп отырса, одан асқан трагедия, одан артық
қасірет болмас еді. Қазақ «Өмір бар жерде, өлім бар» дейді. Өлімнен қашып құтылу ешкімнің қолынан келмегені жайлы халық арасында талай аңыз, әпсаналар бар.
Қорқыт (ҮІІІ ғ.) Сыр бойында өмір сүген ханның дана көмекшісі ғана емес, ескіні сақтаушы, ғұлама жыршы болған Оның есімінен экзистенциалистік сарынның барын аңғаруға болады. Қорқыт есімі «қорқу» сөзімен тығыз байланысты. Аңызға сенсек, Қорқыт баба Желмаяға мініп, өлімнен қашып құтылмақ болған. Бірақ қайда бармасын, бәрібір өлімнің құрығына ілігіпті. Өмірдің ерте ме, кеш пе өліммен аяқталатынын саналы пенде мойындайды. Мәселен, ертедегі египеттіктер адамның пәнилік ғұмырын бақилық ғұмырға барар алдындағы дайындық қана деп ұққан. Олардың өліп қалған перғауындарға ерекше құлшылық жасап, оларға арнап алып пирамидалар салып, денелерін бұзылмайтындай етіп бальзамдаулары сондықтан. Ал ертедегі жапондықтар адам өлгеннен кейін оның жаны ұрпақтарының тәніне еніп, әрі қарай өмір сүре береді деп сенген... Сондай-ақ, буддизм, зороастризм, иудаизм және басқа діни ілімдер де өлім табиғатын өздерінше түсіндіріп бағады. Бірақ бұл діни ілімдердің бәрі де бір мәселеде – өлімді қорқынышты, жат құбылыс етіп көрсетуде бір-бірімен үндес болып келеді. Ал өлімді заңды табиғи құбылыс деп пікір айтқан Сократ, Платон, Аристотель ілімі болғаны аян. Бұл ілім бойынша, өлім деген – тәннен жанның бөлініп шығуы. Яғни, тән ғана өледі, ал жан мәңгілік. Өлімнің қайғылы әрі ауыр қасіретін жеңілдететін осы ілімді данышпан Абай қатты сезініп, терең ұғынған. Ұлы Абайдың ұғымынша, адам баласы өлімнен үрейі ұшып қорықпауы керек, өлім деген де өмір сияқты заңды құбылыс. Адамзат – бүгін адам, ертең топырақ, Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ. Ертең өзің қандайсың, білемісің, Өлмек үшін туғансың, ойла, шырақ, – деп ғұламалық ой түйеді. Сондықтан да Абай «тұла бойы ұят пен ар», «жасқа жас, ойға кәрі» сүйікті ұлы Әбдірахман өлген кезде жазған бірнеше өлеңін «сабырлық қылсақ керек-ті» деп, туған- туыстары мен өзіне басу айтумен аяқтайды. Сондықтан да Абай өзінің ең жақсы көретін інісі Оспан өлгенде «Жан біткенге жалынбай, жақсы өліпсің, апырмай», – дейді. Егер Абай өлім табиғатын соншалықты терең түсінбесе, жастай қайтыс болған ең жақсы көретін інісіне «жақсы өліпсің, апырмай» деп айтар ма еді? Данышпан Абай өлімді адам баласын зорлық пен зомбылықтан, қорлықтан құтқарушы деп ұғады: «Мен – мақтанның құлы емес, Шын ақылға зорлық жоқ. Антұрған көп пұл емес, Өлім барда қорлық жоқ». Жалпы, Абайды дүниетанымдық көзқарасы жағынан исламды насихаттаушы деп атауға болады. Басты көзқарасы қарапайым: Алла – дүниені жаратушы, адамды жасаушы, ол имандылықтың негізі. Абай исламды қазақ халқын имандылыққа тәрбиелеу құралына айналдырмақшы болды. Ол өз туыстарын адам өмірінің бағасын оның рухани дүниесінің қасиетінен көре білуі керек дейді (6-сөзі). «Өлім барда қорлық жоқ» – бұл ежелгі ойшылдар Сократ, Платон, Аристотель философиясының Абай арқылы одан әрі тереңдеуі, жаңа мәнінің тосын мағынаға ие болуы. Ой таразысына салсақ, адам өмірінің мәні – философиядағы ескірмейтін мәңгілік тақырыптардың бірі екен. Бұл тақырып төңірегінде кезінде талай қазақ жазушылары сыр шерткен, ақындар жыр жазған. Мысалы, халық аузында сақталған, өлімді өнердің құдіретімен тежеген Қорқыт ата ұлағатын ерекше атауға болады. Ол туралы қазақтың көрнекті ақыны Мағжан Жұмабаев кезінде «Қорқыт» атты поэма жазып, философиядағы өмір мен өлім тақырыбын өзінше қозғайды: Әншейін өмір деген ермек үшін, Күні ертең соғар жүрек өлмек үшін. Ойланып қалай ғана уланбассың, Берілсе адамға өмір өлмек үшін. Жалпы, адам – жер бетінің қонағы. Сондықтан адам өлмек үшін өмір сүрмей, айналасына жақсылық нұр-сәулесін, ізгі іс-тіршілік шуағын шашу үшін жаралғаны жөн деп ұққанымыз орынды. Шығыстың ғұлама шайыры Рудаки «Өмір – теңіз, жүзем онда демеңіз, ізгіліктен жасалмаса кемеңіз» деп ізгілік туралы кесіп айтқан. Адам үмітпен өмір сүреді. Әр таңнан жақсылық күтеді. Келешекке сеніммен қарайды.
Ой-хой, дүние серуен! Адам бір көшкен керуен. Дүниені қызық қалдырып, Асамыз өмір белінен. Кірсе лебіз – шықса жоқ,
Қауіп етіңдер өлімнен, – деп жырлаған Жамбыл Жабаев та 100-ге жақындап өмірден озды. Өмір – шолақ! Өмір мен өлім қатар жүретіні хақ. Өмірдің мәңгілік емесі де хақ. Кім қашан, неден, қайтіп өледі, ол тірі пендеге белгісіз. «Батпан-батпан байлық тек жер көкірегінде ғана емес, ел көкірегінде де тұнып тұр. Сүйінерге жарайтын жақсы мен жайсаңдар тек жер астында жатқан жоқ, жер үстінде де жүр» деп жазыпты жазушы Әбіш Кекілбаев.
Өмірдін мәнi өмірдің өзінде. Өмірді бағалап, сүйіп, оны өзгелер үшін де, өзің үшін де жақсарта тусуге ұмтылу керек. Ғұмырдын мәні туралы тек өз өмipiңдi eмec, өзгелердің өмipiн де құрметтеген кезде ғана айтуға болады. Адамның әлеуметтік мәнінен әрбір адамнын өз қабілеттерін жан-жақты дамытып, өз мүмкіндіктерін жүзеге асырып, қоғамдық прогреске, оның мәдениетіне жеке үлесін қосуы қажеттігі дәйектеледі. Біздің қоғамымызда “ақиқат жолымен” өмip сүруге ұмтылатын адамдар саннын артуы ағымы байқалады. Мұндай құбылысты ақиқат жолына ұмтылып отырудың адамның түп табиғатында жататынын ecкepiп, оны бірте-бiрте үдете дамыта беруге болады деуге негіз бар. Адам үшін өзін әділетпен өмip сүріп жүргенің сезіну үлкен құндылык болып саналады. Адам жеке тұлға ретінде өз icтepi аркылы көрінеді де, халыктың жанында тек “ақиқат жолында» ғұмыр кешіп, “ақиқат жолында» жасап, “ақиқат жолында» әрекет етуші ретінде ұзақ сақталып қалады. Әрине, әpбip адам өз өмірінің мән-мақсатын, құндылығың өзі айқындайды. Әрбір индивидтің әр кезендегі өмірдің мақсат-мәнін түсінуі бірдей болмайды, ол өзгеріп отыруға икемді келеді. Жалпықоғамдық адам құқы декларациясының 25-бабында: “Әрбір адамға азық-түлікті, киімді, баспананы, медициналық көмекті және қажетті әлеуметтік қызметті қоса есептегенде өзінің және отбасының денсаулығына қажетті өмip денгейінің құқы мен өз еркінен тыс жағдайларға байланысты жұмыссыз қалған сәттерде, ауырғанда, мүгедектікке ұшырағанда, жесір қалғанда, кәрілік келгенде тіршілік етуге қаражаты таусылған тұстарда қамтамасыз eтy құқы беріледі» деп жазылған.в
Достарыңызбен бөлісу: |