Орташа есеппен алғанда, ересек адамдар күніне шамамен екі жарым литр су жоғалтады. Шамамен бір жарым литр несеппен шығарылады[42]. Қалған су термен, тыныс алу кезінде және үлкен дәретпен бірге кетеді. Судың жоғалуы көптеген жағдайларға байланысты. Айқын мысал, біз физикалық тұрғыдан неғұрлым белсенді болсақ, соғұрлым терлейміз. Сонымен қатар, аэробты жаттығулар кезінде, әсіресе баспалдақпен жүгіру немесе көтерілу кезінде ылғалданған ауаны шығарғанда су буланып кетеді [42].
Қызба кезінде су көп жоғалады, өйткені ол кезде дене температурасы көтеріліп, тыныс алу жылдамдайды [20]. Сондай-ақ, диарея кезінде нәжістің салдарынан судың едәуір жоғалуы орын алады.
Судың жоғалуы сіз тұратын климатқа байланысты. Адам басқа сүтқоректілерден ерекшелелігі – олар терлеу арқылы денесін салқындата алады. Ыстық ауа-райында, сондай-ақ қарқынды физикалық белсенділік кезінде көп тер шығады, яғни су жоғалады. Бұл терлегенде адам терісінің бетінен буланып шығып, әдетте тұз боп қалады. Терлеу арқылы қызған организм салқындайды[21, 42].
Бұл ыстық, құрғақ ауа райы кезінде орын алады. Егер ауа ыстық, бірақ ылғалды болса, тер терінің бетінен аз буланып, организмнің салқындауы аз мөлшерде болады[22]. Бірақ, организм әлі де терлеуді жалғастыруға мәжбүр, бұл жағдай судың айтарлықтай жоғалуына, яғни сусыздануға әкелуі мүмкін.
Бір таңқаларлығы, тіпті адам құрғақ, жылы бөлмеде болса да, суық ауа-райында да сусыздану болуы мүмкін. Егер ол тым жылы болса және жеткілікті ылғалданбаса, біз терлейміз, бірақ ауаның құрғақтығынан судың жоғалуын сезбейміз, мысалы, дем шығарғанда. Осыған байланысты біз шөлдемейміз және қажет суды ішпейміз. Сондықтан, суық ауа райында жылытылған бөлмелерді ылғалдандыру туралы ойлану керек.
Мұндай жағдайлар (бұл көрнекі мысалдардың бірі) ұшақпен ұзақ уақыт ұшу кезінде орын алады. Ұшақтардың фюзеляжына ауаның мәжбүрлі түрде түсуіне байланысты құрғақ атмосфера құрылады. Нәтижесінде организмде судың жоғалуы күшейеді, әсіресе дем шығаратын ауамен. Сондықтан, ұшақпен ұзақ уақыт ұшу кезінде сұйықтықты толтыру үшін қарапайым суды көбірек ішу ұсынылады.