плазма сұйыктыгының сыртқа шығуы тоқтайды да тіндегі судың қан
тамырына өтуі үдейді, сондыктан тамырдағы қанпың көлемі плазмалық белок
мөлшеріне байланысты. Сумей бірге ондағы еріген заттар мембраналар
арқылы канга, лимфаға немесе кері қарай тінге өтеді, ягни тіршілікке өте
кажет сіңіру, сыртқа шыгару үрдістері қандагы белок деңгейіне де
байланысты.
Осмостык қысымы қанның қысымына тең тұз ерітіндісі изотониялық
ерітінді деп аталады. Мысалы, жылы қандылар үшін 0,85-0,9% NaCI
ерітіндісі, салқын қандылар үшін 0,65%. Бүл ерітінділер физиологиялык
ерітінді деп те аталады. Қанга Караганда тұзы аз болса - гипотониялык
ерітінді дейді. Мүндай ерітіндіде су тіндерге қарай өтетін болғандықтан олар
ісіп
кетеді.
Түз
мөлшері
қандагы
түз
мөлшерінен
жоғары
болса
гипертониялық ерітінді дейді. Мүндай ерітіндіде жасуша құрамындағы су
сыртқа шығады да жасуша бүрісіп қалады. Сонымен осмостық, онкостык
кысымдар, тіршілік урдістердің барысына тікелей эсер етеді. Жасушалар
өлмей қалыпты қызмет атқару үшін осмостық қысым тұрақты болуға тиіс.
Адам канының осмостық кысымы - бірден-бір тұрақты көрсеткіш. Оның
тұрактылыгын күрделі механизмдер қамтамасыз етеді. Солардың бірі кан
жэне тін иондарымен судың ара-қатынасы. Суды сіңіріп немесе қанга
өткізуде эритроциттер маңызы өте зор. Эритроциттер микроосмометр ролін
атқарады. Олар судың артығын өзіне сіңіріп бүйрек, тер бездсрі, өкпе сияқты
ағзаларға жеткізеді, ягни эритроциттерді контейнер жэне тасымалдаушы
ретінде тануға болады.
'
Осмос гомеостазын қамтамасыз ететін арнайы әрекеттік жүйе бар, оның
бөлімдері осмостық қысымның өзгеруіне өте сезімтал келеді. Осмостық
кысымды қан мен лимфа тамырларының жэне орталық жүйке жүйесі -
гипоталамус кабылдайды да рефлексті түрде иондардың артығы көбінесе
бүйрек аркылы сыртка шығарылады, ал иондар қанда аз болса, олардың
бүйректе қайта сіңуі күшейеді.
XIX гасырдың аяғында Гамбургер қанның осмостык тұрақтылыгын
сақтауда, зат алмасуы барысында түзілген өнімдер мен суды, артық түздарды
уақытында сыртқа шығарып отыруда бүйрек т. б. ағзалардың айрықша мэні
бар екенін дәлелдеді. Ол жылқының венасына 7 л күкірт қышқылды
натрийдің 5%-тік ерітіндісін кұйып тәжірибе жасады. Мүның нэтижесінде
осмос қысымы котерілмейтінін, тіпті өзгерместен бұрынгы қалпында
қалатынын, бірақ ерітінді күйған соң 8-10 минут өтісімен аталган түз
ерітіндісі бүйрек арқылы ягни несеинен бірге сыртка шыгатынын байқады.
Достарыңызбен бөлісу: