Адам физиологиясы


С он ы м ен уакы тш а байланы сты н калыптасуы м ен іскс қосы луы на, баска



Pdf көрінісі
бет290/373
Дата23.09.2022
өлшемі28,52 Mb.
#39991
түріОқулық
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   373
С он ы м ен уакы тш а байланы сты н калыптасуы м ен іскс қосы луы на, баска 
ж үй елік э сер л ен іст ер г е (ор ган и зм н ің н егізгі мұктаж ы н өтей тін багдарлы - 
зер т т еу б ел се н д іл іг і, ү ст ем д і мотивациялы к ахуал ) Караганда, м и ды н жоғары  
д ең ге й ін д е г і б ел се н д іл іг і ж ән е н еок ортек с пен лим бия ж ү й е сін ің озара әсер і 
ө т е кажет.
Ш артты рефлекстің тежелуі
Жүйкедегі бірыңгай кұбылыстардың екі жаты құрайтын, козу мен 
тежелудің тене теңдік аракатынасы жануарлар мен адамның сыртқы ортаның 
өзгермслі түрткілеріне бейімдслу ісэрскетінің нэтижссін анықтайды.
Орталык жүйкс жүйесіндсгі тежелуді ашқан орыстың атақты галымы 
И М. Сеченов (1962). Ол орталық тежелуді арнайы тежеуші жүйелердің 
белсенділігі деп карады.
Ч. 
Шсррингтон (1906) қарсылас бүлшыксттердің үйлесімді әрекеттері 
индукциялык (ксзеліс) тежслуден болатындығын көрсетті.
А.А. Ухтомский (1923) жүйке орталыктарында доминанта қалыптасуы 
кезіндс жегілген тсжелу туатындыгын анықтады.
И.П. Павлов мәні зор тәжірибслер жасап, шартты рефлекстің тежслу 
түрлерінің негізгі тстіктерін дәлелдеді. Тсжслудің сырткы (шартсыз) жэне 
ішкі (шартты) түрлсрі болады.
Ш артсыз тежелу - жүйке жүйесінің гуа біткен қасиеті. Ол - сыртқы 
бөтен түрткілердің теріс индукция эсерінен мінез эрекетінің кенеттен элсіреуі 
немесс басылып қалуы. Мүның себебі эртүрлі жаңа тітіркендіргіш бағдарлау 
рефлексін туғызады. Егер осы тітіркендіру бірнеше рет қайталанса, бағдарлы 
әсерленіс бәсеңдейді жэне оның шартты рефлексті тежеу эрекеті әлсірейді. 
Мұндай бөтен тітіркендрігішті И.П. Павлов «өшетін тежеу» деп атады. 
Мәселен, катты ауыртатын тітіркендіргіш шартты рефлексті шұғыл тежейді. 
Осы сиякты ішкі агзалардан шыгатын тітіркендіріс те эсер етеді. Кейбір 
мүшелердің қабынуы, куыктың зәрге аса толуы, құсу, жыныстық козу шартты 
тағамдық рефлексті басып тастайды.
Мұндай тежеулердің бэрінің жалпы касиеті олар осы шартты рефлекске 
бөтен сыртқы тітіркену ықпалынан пайда болады. Сондықтан бұл сырткы 
тежелу деп аталады.
Шартты рефлекстін шамасы тітіркендіргіш карқынынан («күш заңы») 
тікелей тэуелді келеді. Шартты тітіркендіру күші шектен аса өссе, қарама-қарсы 
нәтижеге, ягни шартты рефлексте: элсіреуіне, тежелуіне экеліп соғады. Мүндай 
тежелуді шектен тыс тежелу деп атайды. Бұл тежелудің сакшылық маңызы бар. 
Өйткені ол жүйкені шамадан тыс күшті немесе ұзақ тітіркендірудің элсірету 
әсеріне кедергі жасайды. Күшті эсерден мелшиіп қатып калу (ступор) 
медицинада жиі кездеседі. Бұл тежелу жүйкені уақыгша жүмыстан босатады 
жәшне оның калыпты қозгыштығы мен жұмыскерлігін қайта орнына келтіруге 
жагдай жасайды. Жүйкесі нашарланған жануарларда шектен тыс тежелу тіпті 
біршама әлсіз шартты тітіркендірудің әсерінен де пайда болады.
455


Сыртқы жэне шектен тыс тежеулер жүйке жүйесінің туа біткен 
касиеттеріне байланысты болгандықтан оларды шартсыз тежелу катарына 
жатқызады.
Ш а р п ы тежелу - жүйкенің жүре иемденген касиеті. Ол шартты 
рефлекс сиякты қүрылады. Шартты тежелудің бірнеше ерекшеліктері болады.
1. Ол тітіркендірулер нығайтылмаған жагдайда қалыптасады.
2. Оны жаттықтыруга болады, яғни өайталатан жағдайда, әсіресе жас 
кездерде, рефлексті жасау жеңілдейді.
3. Шартты тежелудің коріністері жүйке жүйесінің даралама қасиетіне 
байланысты. Қызба кісілсрде, байсалды адамдарға Караганда, шартты тежелу 
қиын жэнс баяу қалыптасады.
4. Шартты тежелу шартсыз рсфлекстің нығайту күшінен тәуелді кследі.
5. Шартты тежелу бүрын қалыптастырылган рефлекстің беріктігіне 
байланысты болады. Мызғымайтын түрақты шартты рефлекстер тежелуге, 
жаңа үйренгендерге Караганда киын көнеді.
6. Тежелулер өзара әрекеттесін бірін-бірі күшейтеді.
Шартты тежелуді өшіретін, ажырататын, шартты тежейтін жэне 
кешіктіретін деп 4 түрге бөледі.
Өшіретін 
тежелу. 
Егер 
шартты 
тітіркендірудің 
шартсыз 
тітіркендіргішпен үщтасуы тоқталса, бұрынғы қалыптасқан түрақты шартты 
рефлекс элсірейді, кейін қолданган сигнал бірнсшс рст нықталмаса ол тіпті 
жойылады.
Өшірстін тежелудің жасалу дэрежесі мен жылдамдығы: 1) шартты 
рсфлекстің беріктігіне (берік бейнелістер баяу өшеді); 2) ныгайтушы 
рефлекстің күшіне (аштық күйінде тагамдык шартты рефлекс өшпейді); 3) 
ныгайтылмау жиілігіне (жедел түрінде бірнеше минут жэне сагат созылмалы 
түрінде нығайтылмаса-һшіретін тежелу бірнеше күнде қалыптаспайды) 
байланысты болады.
Тагамдык шартты рсфлекстер сақтаныс түріне Караганда, жылдам өшеді. 
Өшіретін тежелуді машықтану арқылы тез қалыптастыруга болады. Ол 
мидың типтік даралык ерекшеліктерінен тэуелді келеді.
Кейін шартты тітіркендіргіш тағы да қолданылса, өшкен шартты рефлекс 
кайтадан қалпына келеді. Бұл құбылысты тежелуден босау деп атайды. 
Өшуден тежелу ныгайтылса, өшксн рефлекспен бірге біркелкі, оган ұксас 
шартты рефлекстер жойылады. Мүны екінші қайтара өшу деп атайды. 
Өшуден тежелудің маңызы - бейімділігі жойылган қажетсіз шартты 
рефлексті өшіру. Сөйтіп, организм тіршілігінің жаңа жагдайларына баскаша 
икемделу эсерленісі калыптасады.
Ажырататын тежелу. Жаңа қалыптасқан шарггы рефлекстің алғашқыда 
жалпылама озгешелігі болады. Өйткені ол үйренген шартты тітіркендіргіштен 
басқа. оған ұксас немесе көптеген біррайлы тітіркендірулерге де жауап 
ретінде пайда болады (шартты рефлекстің жалпылама сатысы). Алайда, егер 
тек шартты тітіркендіргіш гана бекітіліп, баскалары елеусіз қалса, біраз 
уакыттан 
кейін 
ұксас 
тітіркендіргіштерге 
әсерленіс 
өшеді 
(шартты
4 5 6


рефлекстін, 
мамандалыс 
сатысы). 
Бұл 
заттар 
мен 
құбылыстардың 
қасиеттерін, ұқсастытын жете ажыратуга мүмкіндік береді.
ІІІартты рефлекстің мамандалуын қамтамасыз ететін үрдіс, яғни 
гітіркендіргіштерді сұрыптау ажырататын тежелу деп аталады. Бүл үрдіс ми 
қыртысында өтетін шартты тежелуден гуады.
Ажырататын тежелудің қасиеттері: I) тітіркендірулердің белгілері өте 
үксас болса, оны калыптастыру қиынта сотады; 2) тежелу дэрсжесі 
ныгайтушы тітіркендірістің күшінен тәуелді келеді; 3) бүл тежелудің түрін 
қалыптастыру толқын тэрізді болады; 4) тежелуді жаттыктыруга болады, бұл 
ортаның сезімдік түрткілерін жі гі айырын танудың негізін қүрады.
Шартты тсжсгіш. Егср нсбір қосымша эссрмсн үштастырылган 
тітіркендіру нығайтылмаса, ал жеке қолданған шартты сигнал эрдайым 
нықталса, жүйке орталықтарында шартты тежелу пайда болады. Көп 
кешікпей косымша әсермен киысгырылған үйренген тітіркендіргіш іштей 
тсжелу саларынан шарты әсерленіс шытаруды тоқтатады. Сол шартты 
сигналдың эсерінен өтіп жатқан әрекетті тежеуте қабілеті бар қосымша 
тітіркендіргіш шартты тежегіш деп аталады (мәселен, мектепте соғылатын 
қоңырау).
Шарггы тежегіштердіц негізгі касиеттері: 1) ол әлсіз тітіркенгішке 
(мысалы, жарыққа) косымша күшті тітіркендіру (қоңырау) қосылса оңай 
қалыптасады; 2) бұрынғы қолданылған күшті тітіркендірудің іздері қосымша 
түрткі ретінде эсер ете алады; 3) егер қосымша тітіркендіріс әлсіз болса, ол 
скінші ретті рефлскстің түрткісі бола алады; 4) егер қосымша тітіркендіргіш 
шартты бейнелістсрді тежейді; 5) қосымша тітіркендіргіш бірінші рет 
жағымды сигналмен бірге берілгенде, ол батдарлау рефлексін тудырады.
Қосымша тітіркендіргіш күшті болған сайын, шартты тежегіш тез 
қалыптасады. Организм мен сырткы ортаның өзара қатынасында шартты 
тежегіштің биологиялық маңызы зор.
Кешіктірстін 
тежслу. 
Кешіктіретін 
шартты 
рефлекстер 
бірден 
кұрылмайды, тек нығайтудың басталуы біртіндеп ұзаргылғанда барып 
жасалады. Осы шартты тітіркендірг іштің жекеленген эсерімен бастапкы кезде 
жүйке нейрондарының әрекеті тежеледі. Кешіктіретін тежелу шартсыз 
рефлекстің күшінен тәуелді, стер ол күшті болса, бұл тежелудіц пайда болуы 
қиынға согады. Бұл тежелу аркылы эр уакытта шартты рефлекстік эсерленіс 
дер кезінде іске қосылады.
Кешіктіретін тежелудің негізгі қасиеттері: 1) шартты тітіркендіргіш 
негүрлым күшті болса, бұл тежелу согүрлым киын жасалады; 2) ныгайтушы 
түрткі 
күшті 
болса, 
шартты 
рефлексті 
кешіктіру 
киынга 
соғады; 
3) тәжірибелерді қайталау кезінде окшауланған шартты тітіркендіру біртіндеп 
баялап үзартылса, кешіктіру онай болады. Тітіркендірулердін арасы 
2-3 минут болтан жатдайда кешіктіретін тежелу калыптаспайды; 4) шартты 
рефлекстің бірге берілуі көбірек нығайтылса немесе кыска уакытка 
кешіктірілсе тежелуді ұзартута кедергі жасайды. Шартты тежелу, уакыттык 
түрткінің кірісуіне байланысты басқа түрлерінен ерекше болады.
4 5 7


Шартты тежелудің тағы бір ерекше, «нығайтылса да өшетін» түрі 
болады. Ол жағымды стимул ұзағынан бір ырғақты нсмесе бір сарынды 
ныгайтқышпсн қоса эсер еткен жагдайда пайда болады.
И.П. Павлов ішкі тежелудің турлерін эрекетіне жэне қалыптастыру 
тэсілдеріне қарай жіктеумен бірге, тежелу қасиеттерінің айырмашыльны 
олардың күшіне байланысты болатындыгын атап көрсетті. Ол шартты 
тежелудің жергілікті жэне ми құрылымында жалпылама түрде кездесетініне 
ерекше көңіл аударды.
Сөйтіп шартты тежелу организмнің бейімдслу әрекетін реттеп отырады. 
Егер шартты тежелу қалыптаспаса, организмде табиги қажетсіз, қолайсыз 
эсерленістер көп болар еді. Шартты тежелу өте нэзік төзімсіз келеді. Әртүрлі 
аурулар, қажу, зорлану бүл тежелуді элсіретеді.
Ш а р п ы тежелу тетіктері. Адамның сыртқы ортага жете бейімделуі, 
оның эсерленісінің сыртқы жағдайларга өте сәйксс келуі тсжелуге 
байланысты болады. Негізгі жүйкс үрдістері - қозу мен тежелудің 
көрсеткіштері. Олардың өзара эсері организмге көптсген тітіркендіруді 
талдап, жауап түзіп, өзін эртүрлі жағдайда бағдарлауына мүмкіндік тугызады.
1. И.П.Павловтың көзқарасы бойынша, шартты тежелу тек ми 
кыртысында болатын 
күбылыс. 
Қалай 
болганда да, 
тежслудің 
ми 
кыртысындағы орналасуы үш түрлі болуы мүмкін. Біріншіден, шартты 
сигналдың ми қыртысы жобаланысында, екіншіден, шартсыз рефлекстің 
мидағы өкілетті нейрондарында, үшіншіден, уақытша байланыстың оз 
құрылымында қалыптасады. Соңғы жылдары көптеген зерттеушілер, шартты 
тежелу әуелі мидың қыртысасгы құрылымдарында немесе олардың белсенді 
қатысуымен пайда болып, ми қыртысына жоғары көтеріледі деп санайды.
2. Шартты тежелудің шыгу жағдайы, көптеген дсректергс сәйкес арнайы 
тежегіш кұрылымдарға байланысты болады. Бүларға тежегіш түйіндср, 
тежегіш интернейрондар жатады. Демек, олардың белсенді әсерленісі арнайы 
тежегіш шартты рефлексін жасайды. Сөйтіп, ми қыртысындагы тежелу 
міндетті түрде арнайы тежегіш жүйссін құрайтын мамандандырылган 
тежегіш нейрондар арқылы жүзегс асырылады.
3. Көптеген нейрофизиологтардың ойынша, жоғары жүйке ісэрекетінің 
тежелу кұбылыстарында эртүрлі қыртысасты құрылымдар өте мацызды орын 
алады. 
М.Н. 
Ливановтың 
жүргізілген 
тәжірибелері 
ішкі 
тежслудің 
гиперполяризациялық (әсіреүйектеліс) болжамын дэлелдеді. Ішкі тежелу 
қалыптасканда, гиперполяризациялық кұбылыстардың біршама осетіндігі 
анықталды. Оған нейрондардың сатылық жэне бедерсіз белсенділігінің, 
қоздырылган потенциал мен биік шайкалатын баяу тербеліс шамасыныц 
күшеюі сәйкес келеді.
4. Шартты тежелу және оның эрбір түрлері мидағы дәнекерші заттар 
(нейромедиаторлар) аркылы іске қосылады. Олар организмнің сыртқы жэне 
ішкі ортасының өзгерістерінің тежегіш маңызын есте ұзақ сақталуын 
камтамасыз етеді. Соның ішінде холинергиялык жүйелер шартты рефлекстің 
кұрылуын жэне сакталуын, бағдарлы-зерттеу әсерленістің жойылмауын, 
кешіктірілген және мезгілдік рефлекстердің қалыптасуын қадагалап отырады.
458


Мұнымен 
бірге 
адренергиялык 
құрылымдар 
катехоламиндерді 
(норадреналин, дофамин) түзу жэне бөліп шыгаруда өте манызды іс атқарады. 
Соңғы уақыттагы зерттеулер катехоламиндердің мотивациялық мінез 
эсерленістеріне катысатындығын анықтады.
Ішкі тежелудің қасиетінде серотонинергиялык кұрылымдардың да 
маңызы зор. Олар үстемді ісэрскеттің жүзеге асуы оңайлауына ыкпал 
жасаумен катар, дол осы ксздс пайда болатын ботен әрекеттерді тежеп жояды.
Ми қүрылымдарында бүлармен біріе, кейбір амин қышқылдары, сонын 
ішінде гамма-аминмай қышкылы (ГЛМҚ) жетекші орын алады. Ол 
организмнің 
іс-қимылын 
сезімдік 
мінезін 
реттеуге, 
мидың 
жогары 
бірлсстіргіш әрекетінің жүргізілуіне қатысады. Ал мидың ГАМҚ сезгіш 
қүрылымдарының ішкі тежелу қасиетінің мэні - оның қимыл және тамақтану 
орталықтарындағы қозу өрісін тоқтататын ыкпалы.
Сонымен ішкі тежелу ми қыртысы деңгейінде орталық қозу ретінде 
пайда болып, рефлекстік жауапты жүзегс асыратын кыртысасты тетіктердің 
бағынышты 
(субординация) 
тежелуін 
белгілейді. 
Әсіресс 
мінездің 
ұйымдастырылу жэне реттелу істерінде мидыц мандай алацы маңыздыіс 
аткарады. Ол қыртысасты бөліктсрі арқылы ми баганынын бслсендіргіш 
жүйссіне тікслей нсмесе жанама түрдс ықпал жасайды. Сөйтіп мұндағы 
тежелу құбылыстары бейімдендіру мәніне карай, мидың медиаторлык 
жүйесін іріктеп еліктіру аркасында жүзеге асырылады.
Тежегіш үрдістердамыған кезде эуелі жеке нейрондар, одан кейін 
эрекеттік жүйеніц кұрылымына енетін нейронный топтары тежелсді. Бүл 
біртіндсп аткарушы түйіндерді, вегетативтік әсерленісті, тіпті кейін миаралык 
белсендіргіш жүйелерді істен шығарады. Сондыктан ішкі тежелу екі жақты 
болады: атқарушы түйіннің тежеуі мидың талдаушы жэне белсендіруші 
жүйелерімен қатар кездеседі. Ал ішкі тсжелудің өзі, шартты рефлекстік 
эсерленіс сиякты, қыртыс-қыртысасты арақатынастан туады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   373




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет