Адам физиологиясы



Pdf көрінісі
бет123/373
Дата14.11.2022
өлшемі28,52 Mb.
#49953
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   373
Лейкоциттер
Бір литр қанда 4,5-9хЮ9/л лейкоцит болады. Лейкоцит (leucocytus) 
канның ақ жасушасы (Іеисо - ақ, cytus - жасуша). Эритроцигтен 
айырмашылыгы - ядросы бар, эритроциттен үлкендеу (диаметрі 12 мкм), 
амеба сияқты протоплазмасынан жалган аяктар шығарып (псевдоподий) 
қозғалады.
Қанда лейкоцит санының көбеюі лейкоцитоз деп, азаюы лейкоцитопения 
деп аталады. Лейкоцит саны cay адамда да, ауру адамда да өзгеріп отырады. 
Сондыктан лейкоцитоз физиологиялық және патологиялық болып екіге 
бөлінеді. Лейкоцит санының көбеюі кан жасушаларының түзілуіне, кан 
түзілетін 
ағзалар 
кызметінін 
күшеюіне 
байланысты 
болса, 
мұндай 
лейкоцитозды абсолюттік лейкоцитоз дейді. Мэселен, абсолюттік лейкоцитоз 
эмоция (қатты шаттану, зорыгу т.б.) салдары болуы мүмкін: эмоция кезінде 
адреналин шектен тыс көи болып шыгады да, қан түзілетін ағзаларды 
тітіркендіреді 
(қоздырады). 
Бірақ лейкоцитоз 
қан 
түзілетін 
ағзалар 
кызметінен (лейкопоэзден) тысқары жагдайда да болады. Мүндай лейкоцитоз 
салыстырмалы лейкоцитоз деп аталады. Салыстырмалы лейкоцитоз - кан
180


мөлшерінің барлык кан тамырларында бірдей еместігінін салдары. Тамыр 
кеңейіп, кан мөлшері кебейіп оның жылжуы баяулайды, тамыр қабырғасы 
мен лейкоциттер арасында үйкеліс күшейеді де, лейкоциттер бөгеліп олардың 
саны көбейеді. Қан тамыры тарылып, оның ішіндегі қанның агысы күшейсе 
лейкоцит саны азаяды. Физиологиялык лейкоцитоздардың кобі аралас, эр 
текті келеді.
1. Ет текгес (миогенді) лейкоцитоз - кара жүмыс істеген кезде пайда 
болады. 2. Тамақ ішкеннен кейін пайда болатын лейкоцитоз ас корыту 
лейкоцитозы деп аталады. 3. Жүкті эйел лейкоцитозы. 4. Жаңа туған бала - 
нэресте лейкоцитозы. 5. Статикалык лейкоцитоз шалқасынан жатқан адам 
ұшып тұрған кезде пайда болады.
Ауру-сырқауға ұшыраған жағдайда лейкоциттердің саны көбейіп кейде 
эритроциттердің санымен бірдей болуы мүмкін. Мұндай кан "ак кан" 
лейкемия деп аталады. Лейкоциттер саныныц азаюы да көбінесе ауруга 
байланысты болады (абсолюттік лейкоцигонения).
Лейкоцит түрлері 
(Лейкограмма). Үлкен-кішілігіне, ядросының 
пішініне, протоплазмада түйіршіктердін бар-жоқтығына жэне олардың 
қандай бояумен боялғанына карай лейкоциттер бірнеше түрге бөлінеді. 
Лейкоцит түрлерін Гимза-Романовский әдісімен боялған, яғни төсеніш 
шыныга жагылған қан жұгындысын микроскоп арқылы (иммерсин жүйесі) 
қарап көруге болады. Протоплазмасында түйіршігі бар лейкоцит гранулацит 
(лат. гранула - түйіршік), ал түйіршіксіз лейкоцит агронулоцит деп аталады. 
Гранулоцитгер түйіршіктері бояуының Түріне қарай базофил, эозинофил, 
нейтрофил болып үшке бөлінеді,
Базофилдің түйіршіктері 
сілтілі 
бояумен 
көк түске, 
эозинофил 
түйіршіктері кышқыл бояу - эозинмен қызгылт түске боялады, ал нейтрофил 
түйіршіктері сілтілі жэне кышқыл бояумен боялады, сондықтан оның түсі 
қызғылт не көкшіл немесе бейтараи келеді, түйіршіктері ұсақ болады. Даму 
барысында (лсйкопоэз кезінде) нейтрофил ядроларының пішіні озгереді. Жас 
жасушаның ядросы С, S лагын эріпіне ұқсайды, сондыктан оны таякша 
ядролы нейтрофил деп атайды. Нейрофиль даму жолында есейген сайын 
ядросы көптеген сегменттерге болінеді. Мұны сегмент ядролы нейтрофил деп 
атайды. Кейде қанда таяқша ядролы нейтрофилдерден де ірілеу жас мета- 
миолоциттер пайда болады, олардын ядросы үлкен бұршакка ұксайды. 
Олардың қанда пайда болуы лейкопоэздің күшейгенін көрсетеді.
Агранулоциттер катарына лимфоциттер мен моноциттер жатады. 
Лимфоцит үлкен жоне кіші лимфоцит болып екіге бөлінеді. Ядросы дөңгелек, 
үлкен, ол бүкіл жасушаны жайлайды. Протоплазмасы жасуша шетінде, 
көгілдір сызықшага үқсайды. Моноцит ең үлкен лейкоцит, диаметрі 12 мкм. 
ядросының формасы ірі бүршақ, ал протоплазмасы ашык көк аспан тэрізді. 
Лейкоцит түрлерінің пайыздық арақатынасы лейкоірамма не лейкоцитарлык 
формула деп аталады. Лейкограмма лейкоцит атының бірінші әріпімен 
белгіленіп, көбінесе кесте ретінде көрсетіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   373




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет