Адам физиологиясы


-сурет . Д е м а л у м ен д ем ш ы г а р у м е х а н и з м ін к о р сет ет ін Д о н д е р с м о д е л і



Pdf көрінісі
бет178/373
Дата14.11.2022
өлшемі28,52 Mb.
#49953
түріОқулық
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   373
43-сурет .
Д е м а л у м ен д ем ш ы г а р у м е х а н и з м ін к о р сет ет ін Д о н д е р с м о д е л і.
1 — тр ахея; 2 — ш ы н ы дан ж асал ған кокірек; 3 - өк п е; 4 - р е з е ң к е д е н ж аса л га н к өкет;
5 - көк ір ек кы сы м ы н ө л ш ей т ін м о н о м ет р .
Демді ішке алу мен демшығару тыныс еттерінің жиырылуынан 
болатынын, ал өкпенің тынысалуға тікелей қатыспайтынын яғни өздігінен 
жиырылып, созылмайтынын Дондерс тәжірибе жүзінде дәлелдеп берді
2 6 7


(43-сурет). Тэжірибе өткізу үшін алдымен кеуде қуысының үлгісі жасалады. 
Үлгі ретінде түбі жоқ кең шыны күмыра пайдаланылады. Осындай қолдан 
жасалган көкірек қуысының ішіне жануардың өкпесін салып, оның 
кеңірдегіне шыны түтік тыгады да сол түтіктің бір ұіиын құмыраның мойны 
арқылы сыртка шығарып бкітеді. Бүл түтік арқылы өкпеге ауа кіріп-шығып 
тұрады. Қүмыраның түбін жалпак резеңкемен ауа өтпейтіндсй стіп жауып 
тастайды. Бұл жасанды диафрагма болып саиалады. Осы жасанды кокірск 
куысы. диафрагма жағымен оргасында үлкен тесігі бар орындыкшыға 
бекітіледі. Резеңкені ортасындагы ілмек арқылы төмен қарай тартса, жасанды 
көкірек қуысы кеңейеді де өкпе жазылып созылады, оның ішіне ауа кірсді. 
Егер резеңкені көкірек қуысының ішіне қарай көтеріп, тарылтса, өкпенің 
аумагы кішірейеді де оның ішіндегі ауа сыртқа шыгады. Демді ішке алып 
сыртқа шығаруда плевралық куыс ішіндегі қысым деңгейінің өзгеруі де 
елеулі роль атқарады.
Плевралық қуыс қысымы
Плевралық қуыс кысымын өлшеу үшін қатар орналасқан қабырга 
аралыгына жуан имек ине тыгып, оның сырткы үшын "Ц" тэрізді 
маномегрмен жалғастырады. Плевралық куыстагы қысым сырттағы ауа 
қысымынан төмен болады, сондықтан онымен жалғаскан сынап бағанасы 
жоғары карай көтеріледі, ал атмосфералык ауамси жалғаскан сынап бағанасы 
төмен түседі. Демшыгару кеіінде, плевра жапырактары аралыгындагы қысым 
атмосфералык қысымнан 3 мм төмендейді. Атмосфералык ауа кысымы сынап 
баганасы бойынша 760 ммге тең болса, плевралық қуыстагы кысым 3 мм кем 
болгандықган, ол 760-3 = 757 мм-ге тең болғаны, бүл кысым "-3" мм деп 
белгіленеді.
Демалуда көкірек қуысы кеңейеді де, плевралық қуыс қысымы одан эрі 
төмендеп - 6 мм-ге теңеледі. Терең дем алған кезде - 9-15 мм-ге дейін 
төмендейді. Сонымен плевранык куыс кысымы эр уакытта атмосфера 
қысымынан томен және окне негұрлым қатты созылса, соғүрлым томен 
болмақ. Демек, плевралық қуыс қысымын теріс қысым деп тану керек. Тыныс 
тереңдеген сайын плевра қуысында теріс қысым мөлшері арта түседі.
Теріс кысым ауаның окпеге кіруін, яғни демалуды жеңілдетеді, вснадагы 
қаннын жүрекке қайтып оралуын қамтамасыз етеді: плевра жапыракшалары 
аралыгындагы қысымның төмендеуіне байланысты көкірек қуысындагы 
үлкен веналар мен жүрекше кеңейіп қанды жүрекке карай тартады.
II 
левра жапырақшалары аралығында әдетте газ (ауа) болмайды. 
Плевралык куыска аздап болса да ауа кіре қалса ол біртіндеп қанға сіңеді. 
Плевралық куыска ауа кіруі пневмоторакс деп аталады. Оған ауа көп кірсе 
тыныс тарылады. Пневмоторакс висцеральдық немесе париетальдық плевра 
жарақаттанганда болады. Кейде науқасты емдеу мақсатымен де, колдан 
пневмоторакс жасалады (плевра қуысы жартылай немесе бір жагынан ауага 
толтырылады).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   373




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет