Адам физиологиясы


Терінің қызметі. Тердің бөлінуі



Pdf көрінісі
бет237/373
Дата06.02.2023
өлшемі28,52 Mb.
#65665
түріОқулық
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   373
Терінің қызметі. Тердің бөлінуі
Тері өте күрделі күрылым адам меп жануарлар организмінің сыртқы 
жабыны.
Ересек адамда оның көлемі 1,5-2 м2, дене салмағынын 4,5-5%, немесс 4- 
5%, немесе 4-5 кг. Тері косалқы кұрылымдармен бірге (май, тер бездері, 
түктср, тырнак) толып жаткан эртүрлі кызмет аткарады. Ең алдымен тері 
организмнің ішкі ортасын сыргқы әсерлерден сақтап, қорганыс қызметін 
атқарады. Бұл оның оте жоғары механикалық беріктігіне, серпімділігіне 
байланысты ультракүлгін сәулелер, радиациялық, электрлік т.б. толып жаткаи 
физикалық түрткілерге қарсы түруы.
Терінің негізгі маңызды қорғаныс қызметіне онын бактерияларга 
тоскауыл болуы жатады. Тері организмнің иммундық (қоргаиыс) жүйе 
кызметін арттырып, кейбір химиялык заттардың зиянды әсерін элсіретеді. Ол 
тыныс алу, сіңіру (абсорбциялық), піығару қызметтерін де атқарады. Терінің 
қан жэне лимфа тамырларында кан мен лимфа уақытша іркіліп жиналуы 
мүмкін, бұл оның деполык қызметі. Тері энергия алмасуының реттелуіне 
катысады.
Теріде толып жаткан әртүрлі қызмет атқаратын кабылдагыштар (кысым, 
жанасу, ауру, суық, жылуды қабылдайтын т.б.) орналасқан. Тері сезім 
мүшесінің өте маңызды бөлімі болып есептеледі, олар сырттан келген 
тітіркендіргіштерге шартсыз жэне шартты рефлекстік қорғаныс әсерленісін 
пайда етеді.
Тері өте келсмді рецептивтік алаң болып есептеледі. Одан шыккан 
серпіністер ішкі агзалардың кызметіне айтарлықтай эсер етеді. Оның осы 
кызметіне рефлексотерапия (акупунктура - ине шаншу) арқылы емдеу 
негізделген.
Тері тер бездері арқасында организмдегі шыгару мүшесінің бірі болып 
есептследі.
Тер бездері. А.Поликардтың зерттеулсрі бойынша тер бездерінің жалпы 
тер боліндіру көлемі 5 м2 жуық. Олар жылу алмасуды регтеуге қатысады. Тер 
бездері зат алмасудың соңғы ыдырау өнімдерін шығаратын мүше. Қалыпты 
физиологиялық жағдайда бүл тер бездерінің сөлініс қызметі. Бүйрек кызметі 
жеткіліксіз (уремия) болтан жагдайда сыртка шыгаруда (экскрециялык) өте 
маңызды қызмет болып есептеледі. Мүнымен катар термен бірте артық су, 
тұз, кышқыл өнімдері, шығарылады, Осының нәтижесінде тер бездері сілті- 
кышкыл теңдігін, осмостық гомеостазды бірқалыпты сактайды. Сыртқы 
ортаның температурасы жайлы болғанда (18-20) адамда орта есеппен 
тәулігіне 500 мл тер бөлінеді. Тер аз мөлшерде үздіксіз бөлініп түрады, бірак 
өте жылдам кеуіп кетеді, сондықтан тердің бөлінуі байкалмайды. Тер - түссіз, 
сүйық зат, кұрамында 98-99% су, 0,3% жуык NaCl, 0,1 мочевина, КС1, несеп 
қышкылы, креатинин, тез ұшатын май қышк^ілдары болады. Кейде (диабет 
ауруында) тер қүрамында глюкоза кездеседі, сэры ауруда өт қышқылдары, 
сол сияқты организмге енгізілген эртүрлі дәрілер де болады.
3 7 2


Тердің эсерленісі қышқыл (pH-3,8-6,2), м.с. 1,0001-1,0006. Бөлінетін тер 
молшері, сыртқы орта температурасына жэне организмнің жалпы жағдайына 
байланысты. Ыстық цех гарда, жылы камераларда бөлінетін тер мөлшері 2,5 л, 
кейде 1,5 сағатта 8-12 л жетуі мүмкін. Тер сонымен бірге бұлшыкет 
қызметіне, ішкен тамақ құрамына, онын мөлшеріне, эмоциялык жагдайларга 
(қорқыныш, ашу т. б.) байланысты.
Тердің бөлінуі рефлекс аркылы реттеледі. Сыртқы жэне 
ішкі 
қабылдагыштардан көбіне жылу жэне ауырсыну қабылдағыштарынан 
серпініс гипоталамус, сопақша ми жэне жұлыңдағы тер бөліндірегін жүйке 
орталықтарына беріліп, эфференттік, симпатикалық жүйке арқылы тер 
бездерінің тер бөлуін күшейтеді. Түйіннен кейінгі симпатикалык жүйке 
талшыктарының ұшынан норадреналин бөлінбей, ацетилхолин бөлінеді. 
Физиологиялык қалыпты жэне ауру (патологиялык) жагдайда ангидрозани 
(тер бөлінудің толық тоқтауы), гипогидрозани (тердің жеткіліксіз бөлінуі) 
жэне гиперггідрозани (тердің көп бөлінуі) жагдайларын байқауга болады. 
Кейде жүлын сегмент функциясының бұзылуына байланысты, локалды, 
регионарлық тер бөліну бұзылады.
Тер бөліну жылдамдығын йод-крахмал мен минор сынамасын қолдану 
аркылы жэне адам салмағының белгілі бір уақыт арасында өзгеруіне қарай 
бақылап аныктайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   373




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет