Адам физиологиясы



Pdf көрінісі
бет94/373
Дата06.02.2023
өлшемі28,52 Mb.
#65665
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   373
Байланысты:
Адам физиологиясы

Гормондардын әсері
Гормондардың эсер ету тетіктері өте күрделі жэне биохимиялық 
түрғыдан жан-жақты қарастырылған. Белгілі бір гормонның қажеттілігі артса, 
гормон - белок кешені ыдырап, гормонның бос түрі пайда болады. 
Байланысқан гомрондар қор болып табылады, керек уақытта тез эре жсңіл 
пайдаланылады. Белок тасушымен байланысқан гормон фсрменттердің 
әсерінен ыдырап, бүйрек арқылы несеппен шығарылмай денеде сақталады.
Гормондар қан ағысына ілесітт барлық тіндер мен ағзаларға жеткенімен 
белгілі бір гормонды қабылдауга дагдыланган, эрі мембрана кұрылымында 
орналаскан арнайы гормондар рецепторлары бар, олар тек белгілі бір тін мен 
ағзаға гана эсер етеді. Оларды нысана тіндер деп атайды. Жасушалық 
қабылдагыш арнайы белок болып келеді, оның молекуласының белгілі бір 
бөлігі гормонның арнайы фрагментіне сэйкес келеді. Бұл сигналды 
кабылдауды, 
яғни 
гормон 
мен 
жасушаның 
озара қарым-катынасын 
қамтамасыз етеді. Егер берілген гормонды кабылдағыш болмаса, жасуша 
онымен қарым-қатынасқа түспейді, яғни оны танымайды.
Белоктык және пептидті гормондардың қабылдағыштары жасушаның 
цитоплазмалық мембранасында орналасқан. Бұл топтағы гормондар өз 
рецепторларымен қарым-қатынаска түскенде аденилатциклаза ферментінің 
активтенуі 
жүреді. 
Оның 
әсерінен 
жасушада 
циклдік 
31, 
51
аденозинмонофосфат (ЦАМФ) пайда болады. Ал олар протеинокиназаларды 
- белоктың синтезделуіне кажетті ферменттерді - белсендендіреді, бұл 
гормондардын кейбіреулері циклдік 31, 51 - гуанозинмонофосфат (ЦГМФ) 
арқылы эсер етеді.
Стероидті гормондардың қабылдагыштары жасуша іші кұрылымына 
орналаскан жэне гормон-кабылдағыш кешені генетикалық аппаратка эсер 
етеді, заттардың жасалуына ықпалын тигізеді. Кейбір гормондардың эсер етуі 
мембрана өткізгіштігі өзгеруіне байланысты. Қазіргі кезде гормондардың 
эсер етуінің бірнеше жолдары белгілі.


1. 
Гормондардың тіндер мен ағзаларға тікелей әсері болады. Мұндай 
эсердің себебі, гормондар мембрана арқылы жасушага жеңіл өтеді, оған коса 
мембраналарымен байланысқа түседі. Гормондардың тікелей эсерінің тетігі, 
жасушалық жэне субжасушалық деңгейлерде элі толық зерттелмеген. Бар 
зерттеулерге Караганда олардың түрлі эсер ету жолдары бар, олардың ішінде 
тікелей эсер ету тетіктерінің мынадай түрлері белгілі: а) Ферменттік 
жүйелерді, оның ішінде цитоплазма ферментін белсендендіру немесе 
бәсеңдету жолы. Бүл эсер жөнінде мәліметтер аз. Бүны адреналин мен 
гликоген фосфорилазды жүйеге аденозинмонофосфат арқылы циклды әсері 
дэлелдейді. б) Ядродағы генетикалық үрдістерді күшейту, мысалыдез 
өзгерістерне эсер ететін тироксин РНҚ алмасуын жэне арнайы белоктарды 
жасауды күшейтеді.
2. Гормондар ағзалардың қызметіне тікелей ғана эсер етіп коймай
олардың кан тамырлары 
мен 
тіндердің эртүрлі 
хемореценторларын 
тітірксндіре отырып, рефлекстік жолмен де эсер етеді. Гуморалддык жагынан 
жекешеленген, бірақ денемен жүйке арқылы байланысқан, кез келген ағза 
тамыры арқылы адреналинді өткізгенде эдетте қан қысымының, дем алудың
лимфа ағысыныц т. б. өзгерістері байқалады.
3. Гормондардың эсер стуінің үшінші тетіктері - орталық жүйке жүйесі 
арқылы 
орындалуы. 
Гормондар 
бір 
жүйке 
орталығын 
құрайтын 
нейрондардың кернеуін 
жоғарылату нс төмендету арқылы олардың 
қозгыштығын 
өзгертеді. 
Гейманстың 
тэжірибелерінде 
иттің 
миын 
қоректсндіретін қан тамырына тікелей адреналин енгізген, иттің басы 
денесшен тек қана кезеген жүйке арқылы байланыскан жагдайда адреналин 
кезеген жүйке оргалығының тонусын жоғарылатып, жүрек кызметін 
бэсеңдетеді. Ал адреналин жүрекке тікелей эсер еткенде оның қызметін 
күшейтеді.
4. Кейбір жағдайларда гормондардың шартты рефлекстік эсерін байқауға 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   373




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет